Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде жанармай бағасы тағы қымбаттауы мүмкін

Өйткені, шикі мұнайды өңдеп отырған еліміздегі үш зауыттың бірі – Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысын тоқтатты,-деп жазды КТК арнасы.

бензинннн

Кәсіпорын қыркүйектің аяғына дейін толық жөндеуден өтпек. Бұған қалтаға тағы салмақ түсе ме деп тұрғындар алаңдаулы. Өйткені, толық тұрмақ, зауыт жартылай жөндеуге жабылғанда жанармай тапшы болатынын талай көрген.

72 жылдан бері үздіксіз жұмыс жасаған Атырау мұнай өңдеу зауытында болдық. Талай жылдардан бері ауыспай, әбден ескірген қондырғылар көп дейді басшылық. Сондықтан, Энергетика министрлігімен келісе отырып, зауытты бір жарым ай жөндеуге жабу туралы шешім қабылданыпты. Дегенмен, ешқандай тапшылық болмайды деп сендіруде басшылық. Өйткені, жанармайдың жеткілікті қорын да жасап қойыпты. .

«Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу – жанармай нарығына мүлде әсер етпейді. Себебі, біздегі резервуарларда республиканың ішкі нарығын толық қамтамасыз ететін жеткілікті қор бар.

Яғни, әр айға белгіленген норма орындалып тұр»,-дейді «Атыраумұнай өңдеу зауыты» өндіріс бойынша бас инженері орынбасарының міндетін атқарушы Роза Юнусова.

Зауыт басшылығы осылай деп сендіргенімен, тұрғындар бұған илана қойған жоқ. Өйткені, зауыт бұған дейін тұтас тұрмақ, жартылай жөндеуге жабылғанда талай тапшылықты көрген.

Оның үстіне, еліміздегі үш бірдей мұнай өңдеу зауыты толық істеген күннің өзінде жанармайдың көп бөлігі әлі сол Ресейден тасымалданып жүр. Сондықтан,тұрғындар баға көтерілмейді деп басу айтқандарға сенгісі жоқ.

«Қымбаттауы мүмкін-мүмкін. Тоқтатсын-тоқтатпасын қымбаттайды. Атырау ғой бұл!»,-дейді  Атырау қаласының тұрғыны Ержан  Әлкенов.

Ал зауыттағы бүгін басталған күрделі жөндеу жұмыстары қыркүйектің 29-ы күні аяқталады деп жоспарланған.

Осы уақыт ішінде барлық ескірген қондырғылар жаңартылып, технологиялық пештер мен құбыр өткізгіштерге толыққанды жөндеу жүргізілмек. Бұл өз кезегінде алдағы уақытта алынар мұнай өнімдерінің сапалы болуына әсер ететін көрінеді.

Оқи отырыңыз:

Түркияда автобус ішінде ұмыт қалып кеткен 3 жасар бала көз жұмды

Жасөспірім тәттімен алдап қарындасын бірнеше рет зорлаған

54 жастағы әйел суррогаттық жолмен өз немересін дүниеге әкелді

Ұл қалаған ата-ана жаңа туған қызын тікенді қуысқа тастай салған (фото)

 

 

Талқылау