Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде жаңадан құрылған министрлікті кім басқаратыны белгілі болды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметіне тағайындалды.

20161007163725

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр. Бейбіт Атамқұлов осылайша Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметінен босатылды. Бұған дейін оңтүстік өңірге Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған Жансейіт Түймебаевтың тағайындалғанын хабарлаған едік.

Бейбіт Бәкірұлы 2006-2012 жылдары дипломатиялық қызметте болды. Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы, Бруней-Даруссаламдағы,  Филиппин Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы болып қызмет етті.

2012 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы, 2014 жылғы тамыз айынан Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы болған. Ал ОҚО-ны 2015 жылғы 8 тамыздан бастап басқарды.

Осыған дейін мемлекет басшысы жаңа Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрылатыны туралы жарлыққа қол қойған болатын. Бұл министрліктің құрамына Ақпараттық қауіпсіздік комитеті, Аэроғарыш комитеті және Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті кіреді.

Оқи отырыңыз:

Нұрлан Ноғаев Үкімет берген 692 млн теңгені алмай жүр

Путин мен Назарбаев соғыс пен немістер туралы киноны қатар отырып тамашалады

Путин мен Атамбаевтың бір креслода отырған суреті елдің күлкісіне қалды

Нұрсұлтан Назарбаев домбырада шебер ойнайтынын көрсетті (видео)

Назарбаев: Жақсы өмір сүру үшін университетте оқу міндетті емес

Бас прокурор келер алдында Ақтөбе “сақалдылардан” тазартылды

Талқылау