Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде жүрген Грузия азаматының көлік тонау тәсілі тергеушілерді таңғалдырды

Грузия азаматының көлік тонау тәсілі талайды көрген теріскейлік тергеушілерді таң қалдырып отыр, деп хабарлайды КТК.

Ол Петропавлда машинаның құлпын бұзбай, дабыл қаққыш жүйенің толқынын сканерлеп, өзінің айтуынша, темір тұлпар ішінен тек ақша ұрлап отырған.

Заманауи тәсілді ойлап тапқан ұрының еш білімі де жоқ. Төрт рет сотталған  43 жастағы Грузия азаматы бұл кәсіпке  түрмеде отырғанда бейімделсе керек.  Тәртіп сақшылары оны сыбайласымен бірге кезекті көлікті тонап жатқан сәтте қолға түсірді.

Құрықтау кезінде ұрылардан  дабыл жүйесін сканерлейтін құрылғы, ұялы телефондар мен бірнеше сим-карта тәркіленді. Шетелдік азамат машинаны тонап жатқанда, сыбайласы көлік иесін аңдып тұрады екен. Ол қанша машинадан ақша үптегенін нақты айта алмады.

Тағы да оқыңыз:

Жаңа жылдан бастап үш әлеуметтік көмектің орнына бірыңғай жәрдемақы төленбек

Дүйсенова қай зейнеткерлердің зейнетақысы екі есе өсетінін айтты

Утилизацияның екінші кезеңі басталды: Ескі көліктерге қанша ақша төлейді?

Талқылау