Елімізде ұшақта тәртіп бұзған жолаушылардың қара тізімі жасалғалы жатыр

Бейсенбі, 29 Маусым , 2017 7:15

«Эйр Астана» компаниясының өкілдері осындай ұсыныс айтып, бұның пайдасын тізіп шықты. Мұндай тізім жасалған жағдайда бұрын ішкі тәртіпке бағынбаған азаматтарды тасымалдаудан бас тартуға негіз болады екен. Сондықтан ешкім оңай жазамен құтыла қоймайды, деп хабарлады КТК.

Безымянный

Былтырдың өзінде бір ғана «Эйр Астана» рейстерінде жолаушылар шатақ шығарған 347, ал биыл 154 жағдай тіркелген. Қазіргі таңда әуе тасымалдаушылары өз қызметкерлері мен өзге жолаушыларға қатысты күш көрсеткендерді, дөрекі сөйлеп, тіл тигізгендерді арнайы қадағалаудағы азаматтардың тізіміне енгізеді.

Бұл негізінен бұзақылықтың қайталанбауы үшін қолға алынады. Тізімде 24 азамат тіркелген. Ішкі рейстерде шатақ шығаратындардың көшін Алматыдан Астана мен Атырауға және кері бағыттағы жолаушылар, ал халықаралық рейстерде Дубай мен Анталияға ұшатындар көш бастап тұр.

Статистика бойынша, Тбилисиге жол тартқандар ұшақ ішінде темекіні ең көп шегеді екен. Тәртіпке бағынғысы келмейтіндерге жазбаша түрде ескерту жасалады және әуе кемесіне отырар кезде есіне салынады. «Қара тізімдегі» адамның есімі 3 жыл бойы сақталады, ал одан шығу үшін небәрі 12 рейсті ешбір ескертусіз аяқтау ғана жеткілікті.

“Қазіргі жаза тым жеңіл. Бұзақылық жасаған адам небәрі 3 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұлды төлеп, сапарын жалғастыра алады. Мамыр айындағы өзгерістерге сай енді бортта шылым шеккендер қауіп төндіретіндер қатарына енгізілді. Яғни айыппұл 200 айлық есептік көрсеткішке жетті. Оны төлей алмаған адам әкімшілік қамауға алынады”, – деді Air Astana компаниясының менеджері Ғалия Төлепбергенова.

Оқи отырыңыз:

Қырғызстанда тура шекарада қанды теракті жасамақ болғандар қолға түсті

Колледж түлектерінің былапыт сөзді қарша боратқан атышулы видеосы жұртты шошытты

Жамбыл облысында танымал мафияның белсенділері ұсталды

ЭКСПО билеттерін алуға қандай жеңілдіктер бар

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар