Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде улану оқиғасына байланысты 14 түрлі иіссу сатылымнан алынды

Маңғыстаудағы Шетпе ауылының оқушылары уланған әтірдің «Ясин» дүкенінен сатып алынғандығы белгілі болды. Аталған сауда нүктесін тексерген құзырлы органдар тиісті құжаттардың түгел еместігін анықтады.

30034-6-14_t_rl_i_ssu_satylymn_ru

Бұл туралы Хабар арнасы хабарлайды.

Бұдан бөлек, лицензиясы жоқ 14 түрлі иіссу сатылымнан алынған. Тәркіленген парфюмерлік тауар құрамын анықтау үшін Астанаға жолданды.

Естеріңізге сала кетейік, 17 қазанда Алшын Меңдалыұлы атындағы орта мектептің алты оқушысы әтірден уланған еді. Дәріс кезінде иіссу қолданған жеткіншектер аздан соң өздерін жайсыз сезінген. Көздері қызарып, бойларын әлсіздік жайлаған. Оларға емханада алғашқы емдік шаралары көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілген.

«Біздің зертханада әтірдің теріге әсері тексерілді. Ал нақты құрамын анықтауға мүмкіндік беретін токсикологиялық сараптама Астанада жасалады. Нәтижесі алдағы күндері жарияланады» , – деді облыстық Тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Рабиға Милибаева.

Жіберіп алмаңыз:

Таудай қарызыңыз болса да құтылуға көмектесетін дұғалар

Петропавлда көшеде кездескен ер адамды азаптап өлтірген екі қаныпезер сотталды

Астанадағы “Дастарқан” асханасында бүтіндей бiр отбасы уланып қалды

Мұғалім оқушыларға анатомия сабағын түсіндіру үшін шешініп тастады (видео)

Талқылау