Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде ҰБТ тағы өзгеріске ұшырайды

Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеуді тағы реформа күтіп тұр. Енді жаппай тестілеуден бөлек түлектердің білімін бағалайтын  қосымша сынақ пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

e6c8d9fa

Сурет orc.kz сайтынан алынды

Білім министрлігі мектеп бітірушілер үшін жаңа емтихан әзірлеп жатыр. Бұл туралы бүгін ұстаздар кеңесінде премьердің орынбасары айтты.

“ҰБТ кезінде түлектер, ата-анал психологиялық, моральдік  тұрғыда қатты қиналады. Мектеп бітірушілер тура соғысқа баратындай күй кешеді. Сондықтан, Білім министрлігімен бірге ҰБТ барынша ыңғайлы етіп өзгертеміз. Ұлттық тестілеу – талантты  баланың жолын байламауы тиіс”, – дейді ҚР премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева.

Оның үстіне, Назарбаеваның айтуынша, ҰБТ білімнің жүз пайыз көрсеткіші емес. Алайда, тестілеудің қалай өзгертілетіні белгісіз. Ал, жоғары оқу орындарына келсек, жатақхана жетпейді. Неге екені белгісіз, қаншама студенттер үйінің құрылысы кешігіп жатыр. Орта білім беру саласында да  мәселелер шаш етектен. Еліміз бойынша 1523 елді-мекенде әлі күнге дейін  мектеп атымен жоқ. Салдарынан 17 мыңнан астам бала көрші ауылға қатынап оқып жүр.

“Былтыр 67 мектепке жөндеу жүргіздік. Алайда, бұл мәселе толық шешімін тапқан жоқ. Мәселен, Шығыс, Оңтүстік Қазақстанда әлі де қауіпті білім ордалары бар. Алматы облысында үшмаусымды мектептер жеткілікті, – дейді ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.

Талқылау