Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде түрмеге қамалған әйелдердің балаларына арналған балабақша салынуы мүмкін

Анасы қылмыс жасап, темір торға тоғытылғанымен, «баласы бостандықта» болуы керек. Қылмыстық жауапкершілікке тартылған әйелдерге қатысты тәртіп өзгеруі мүмкін.

Қазір арнайы заңға енгізілетін өзгерістер әзірленіп жатыр, деп хабалайды Алматы арнасы.

Ата заңды аттап, абақтыға жабылған аналардың балаларына бөлек ғимарат салынуы мүмкін. Құрылыстың қарқын алуы үшін әуелі  заңға өзгеріс енгізілуі  қажет. Бұл бастаманы соңына дейін жеткіземін деген Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева мәселені талқылау үшін Алматыға ат басын бұрды. Бүгінде Алматы облысы Жауғашты ауылындағы әйелдер колониясында жазасын өтеп жатқан келіншектер 3 жасқа дейінгі  балаларымен бірге тұрады.

Ескере кетейік, бұл еліміздегі баласымен бірге болуға рұқсат етілген жалғыз колония. Десе де, жаңа заң бұл ережені өзгертуге бағытталуы қажет.  Өйткені, шеше сотталғанымен, баланың бостандықта болуы қажет. Сол үшін әйелдер колониясының территориясынан тыс жерден арнайы балабақша  бой көтеруі керек. Бастысы баланы анасынан басқа, өзге де ағайын-туыстары да келіп, көре алады.

«Бүгінгі күнде анасы күндіз келеді, түнде кетеді. Бірақ қазір оны да ұйымдастырып жатырмыз. Ана мен бала күні-түні бірге болуы керек. Әрине, мамасы қылмыскер, оны ұмытпай, бірақ ең бірінші ол баланың құқығы. Қазір бәрін ойластырып жатырмыз. Қажетті заңдарға өзгерістер енгізуге дайынбыз», – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева.

Бұл жердегі басты мақсат-баланы абақтыда қалдырмау. Колонияда туылған шақалақтың конституциялық құқығы толығымен сақтала отырып, ол өзге балалардан еш кем болмауы тиіс. Ыңғайлы жағдай жасалып, нәрестенің дамуына қажетті құрал-жабдықпен толықтай  қамтамасыз етілуі де басты мәселе. Заңға өзгерістер енгізілсе, қазіргі абақтыдағы 22 бала да шығарылады.

«Қазіргі Жауғаштыда отырған қылмыс атқару мекемесінде 22 нәресте тұрады. Осы нәрестелер 3 жасқа дейін тұрады. 3-ке толғаннан кейін, туған-туыстары болса, соларға береді. Ал болмаған жағдайда, Алматыдағы №1 балалар үйі бар, сол жаққа жібереміз», – деді ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев.

Тараптар баланы  қазіргідей 3 жасқа дейін емес, енді оны мектепке барғанға дейін анасымен бірге тұруына  мүмкіндік беру мәселесін де талқыға салды. Баланың құқығын басты назарға алған шенділер жаңа өзгеріс елімізді 30 дамыған мемлекеттің қатарына кіруге ықпал ететін де айтып қалды. Мәселен, Германияда істі болған әйелдер бала-шағасымен автономды пәтерде тұрады. Ал ондағы қызметкерлер түрменің формасымен жүрмейді. Өйткені, жазасын өтеп жатқан ананың бала алдында абыройын түсірмеуі керек. Яғни,  бүлдіршіннің психологиясы пысықталған. Нидерландыда бала шешесінің қасында 6 жас тоғыз ай толғанша бола алады. Оларда да арнайы «ана мен бала үйінде» бірге болады.

Тағы да оқыңыз:

Денис Тен: Қазақстанда мені алмастыратын ешкім жоқ

Ақан Сатаев Томирис рөлін сомдайтын актрисаны көрсетті (фото)

Қайрат Нұртас: “Ақшасы тасып құтырған” дегенді қойыңдар

Сөз беремін, мен енді өзгеремін: Төреғали халықтан кешірім сұрады

Талқылау