Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде төрт қала тұрғындары жеке куәліктерін 2 күннің ішінде жаңарта алады

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе тұрғындары жеке куәлік пен паспорты 2 жұмыс күні ішінде ала алады.

құжатт

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлады.

«Әрине бұл төрт қала тұрғындары үшін құжатты тек жылдам алу негізінде жүргізілген жағдайда ғана 2 күнде қолға алуға болады»,-дейді Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғынбаев.

Бұған дейін мұндай құжаттың түрін жылдам дайындау тек 4 күннің ішінде жүргізілетін еді.

« 1 сәуірден бастап Астана, Алматы,Шымкент, Ақтөбе тұрғындары үшін құжаттарды жылдам әзірлеу уақыты қысқартылды. Яғни тапсырыс берген азамат 2 күннен кейін паспорт немесе жеке куәлігін қолына ала алады.
Басқа облыс тұрғындары үшін 4 күннің ішінде әзірленеді»,-деді Тұрғынбаев Астанада журналистермен кездесу барысында.

2015 жылдың күзінде ІІМ тура осындай құжат түрлеріне жылдам қолжеткізу уақытын 30 күннен 15 күнге қысқартқан болатын.

Талқылау