Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде тіркеуге тұрмағандарға салынатын айыппұлдың көлемі өсуі мүмкін

Лаңкестердің қырғынынан кейін Мәжіліс дереу бастан-аяқ өзгертілген терроризм туралы жаңа заңды қабылдады. Бұл жайлы КТК арнасынан хабарланды.

енен

Фото: altaynews.kz

Атышулы құжат тек бірінші оқылымда бекітілгендіктен, екінші оқылымға дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті оның шикілігін түзетіп қайта депутаттардың қарауына әкелуі тиіс.

Десек те, бүгін бірінші оқылымда бекітілген заң күш құрылымдарына шексіз билік беріп отыр. Енді арнайы қызмет террористермен атыс кезінде байланыс операторларының келісімінсіз-ақ , ұялы телефон желісін бірден өшіруге рұқсат алды.

Сонымен қатар сотталған лаңкестердің барлық дүние-мүлкін тәркілеп, қару-жарақ саудасы мен күмәнді діни бірлестіктердің жұмысын қатаң бақыламақ. Бірақ қалаға жай қыдырып келсе де, адамдарды тіркелуге заңмен міндеттеу үлкен түсінбестік турдыруда. Себебі Ішкі Істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті облыс орталығына келіп, пәтер жалдауға қалай тыйым саларын білмей бастары қатып жатыр.

Осындай жалдамалы баспанаға Ақтөбе мен Алматыда террористер кіріп кетіп, жазда сойқан салғаны есте. Енді үйін жалға берушілермен қатар тіркеуге тұрмағандар жаппай жазаланады. Айыппұл көлемі де заңда анық жазылмақ.

“Адам көшіп барса басқа жерге 10 күннің ішінде тіркелуі керек. Біз күшейтіп жауапкершілікті көтеріп жатырмыз. Тіркелмесе алдымен ескерту, кейін айыппұл салынады”, – деді Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев.

Оқи отырыңыз:

Талдықорғанда полицейлер интернетке салынған видео үшін жергілікті тұрғынды сотқа берді

Қазақстандық оқушылар жүргізуші куәлігін аттестатпен бірге алатын болады

Жезқазғанда қоқыс арасынан табылған сәби ата-анасына қайтарылды

Өскеменде 9 жасар қыздың алдында шешінген ер адамды іздеп жатыр

Шариғат бойынша зират қасынан өткенде бет сипау дұрыс па

Корей қызы қазақ тілін 3 ай ішінде үйреніп алған

Алматыда 31 жастағы азамат жоғалып кетті

Талқылау