Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде СПИД жұқтырған қыз-келіншектер көбейген

Елімізде иммун тапшылығы вирусымен ауыратын әйелдер қатары күрт көбейген. Республикалық СПИД орталығы мамандары осылай дабыл қағып отыр. Бұл туралы КТК хабарлады.

orig_blog_13995_0

Фото: el.kz

Биылғы жарты жыл ішінде қауіпті дертті жұқтырған әйелдер саны 800-ге жетіпті. Нәзік жандылар көбіне қауіпті кеселді жыныстық жолдармен жұқтырған. Ал науқас жас жігіттер есірткіге тәуелді. Сондықтан, бір-біріне көбіне ине арқылы тарап жатыр дейді мамандар.

Жалпы біздің елде вирус жұқтырған 20 мыңдай адам бар екен. Бұл да нақты сан емес. Солардың 81 пайызы ғана өз аурулары туралы білетін болып шықты.

“Осы аурумен ауыратын әйелдердің басым көпшілігі жыныстық қатынастан кесел тауып отыр. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда биыл ауру тапқан қыз-келіншектер саны 191 адамға артқан. Дегенмен,біз жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Еліміздің бар аймағында СПИД орталықтары тегін жұмыс істеп жатыр”, – деді Республикалық СПИД орталығының бас директоры Асылхан Әбішев.

Оқи отырыңыздар.

Үш ата-анадан пайда болған алғашқы сәби Мексикада өмірге келді

Қазақстандағы ең үздік перзентхана тізімі жарияланды

Австралиялық әйел босанған соң 2 ай ішінде арықтап сымбатын қалпына келтірген (фото)

Турист қыз суреттеріне қарап отырып бүлдіршіннің сағатын ұрлап алғанын байқады (фото)

Психологтар ерлі зайыптылардың ажырасуына себеп болатын 6 белгіні атады 

Талқылау