Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде байларға салынатын салық 40 пайызға өсуі мүмкін

Байлар бөлек салық төлеуі тиіс. Депутат Айқын Қоңыров  еліміздегі ауқатты адамдардың табысы көбейген сайын, сәйкесінше оларға  салынатын салықты да еселеп өсіруді талап етті, деп хабарлайды КТК арнасы.

1486961122_stilya.ru-dollar_chinovnik

Егер шенеунік, ұлттық компания топ-менеджерлері мен кәсіпкердің айлық табысы 1 миллионнан асса, ол мемлекетке 40 пайыз салық төлеуі тиіс дейді мәжілісмен. Қазір елімізде табыс салығы бай мен кедейге бірдей – 10 пайыз.  Яғни, тұрғындар арасында теңдік жоқ. Бір жалақыға қарап отырған адамдар барынша үнемдеуге тырысады. Енді біреулер байлығын көрсетіп қалу үшін бір-бірімен бәсекелесіп жүр. Соңғы кезде қымбат көлік, пәтер мен өзге де жылжымайтын мүлікке деген сұраныс өскен. Қазір тек құны 1 миллион доллардан асатын баспанасы барлар мен джип мінгендерге салық бірнеше есе жоғары.

“Салық кодексіне өзгеріс енгізуді ұсынамын. Табысы жоғары адамдарға және қымбат көлік, зәулім үй сатып алып, оны ашық жариялап жүрген байларға салықты көбірек салу керек. Ал қайырымдылық жасап жүргендерге жеңілдік болуы тиіс”, – дейді мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров.

Тағы да оқыңыз:

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан ер адамның денесі екіге бөлінді (фото)

Елімізде тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны жеңілдетпек

БҚО-да перзентханадан шыққан сәби құсығына тұншығып көз жұмды

Талқылау