Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сенат депутаты мас көлік жүргізушілерін көпшілік көзінше масқаралауды ұсынды

Қазақстан парламенті жоғары палатасының депутаты Бектас Бекназаров мас күйінде көлік айдаған жүргізушілерді қосымша көпшілік алдында жазалау керектігін ұсынды.

109

Сенатордың айтуынша, жүргізуші куәлігінен айырыла тұра көлік жүргізген мас жүргізушілерді қатаң жазалау керек. Бектас Бекназаров бұл ойын сенаттың пленарлы отырысында айтты.

Парламентарийде көлікті мас күйінде жүргізетіндер ісін қылмыстық кодекстің бөлек бабы бойынша қарастыру керектігі айтылды.

Оның мәліметінше, 2014-2015 жылдары жол көлік оқиғасы салдарынан елімізде 55 мыңнан астап адам зардап шеккен. Олардың 5 мыңнан астамы қаза тапқан. Солардың көпшілігінде, көлікті мас жүргізушілер тізгіндеген.

Талқылау