Елімізде полицейлердің смартфон ұстауына қайтадан рұқсат берілуі мүмкін

Дүйсенбі, 16 Қазан , 2017 18:35

Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне цифрландыруға көшуге байланысты жұмыста смартфон пайдалануға рұқсат берілуі мүмкін.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазады.

Мәжілісте бүгін кейбір заңнамалық актілерге құқықтық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасы таныстырылды. Отырыс барысында ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов елімізде қазір пилоттық режимде қылмыстық істерді элекронды түрде жүргізу қолға алынғанын атап өтті.

“Цифрландыру – бұл болашақ, бірақ қылмыстық қудалау мен қылмыстық жауапкершілікке тартудың ерекшелігін ескеру керек. Электронды тергеу секілді формаға толыққанды көшу үшін ішкі істер органдарының техникалық жарақтандырылуы көңіл көншітпейтінін біз көріп отырмыз”, — деді Жақыпов.

Вице-министр процеске қатысатын бүкіл құрылымдарды толыққанды техникалық жабдықтау үшін 11 миллиард теңге қажет екенін айтты.

Заң жобасының таныстырылымынан кейін журналистер Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтан цифрландыруға байланысты смартфон пайдалануға рұқсат беру жағы қалай болатынын сұрады.

“Иә, әрине. Бұл сұрақ барлық мәселемен бірге қарастырылатын шығар”, — деді Ахметжанов.

Өткен жылы көктемде Қазақстанда мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен ғимаратқа кіретін азаматтарға мобильдік құрылғылар (смартфон, планшет, смарт-сағат) пайдалануға тыйым салынған болатын. Бұл шара қызметтік ақпараттың әлеуметтік желі арқылы тарап кету фактілерінің жиілеп кетуіне байланысты қолға алынды.

Тағы да оқыңыз:

Ақтөбелік кәсіпкер анасы рактан қайтыс болған балаларға 2-қабатты зәулім үй салып берді (фото)

Алматы облысында жертөледе тұратын бес балалы отбасыға имамдар үй салып берді

Қырғызстанның жаңа президенті Қазақстан мен Назарбаевқа деген көзқарасын білдірді

Алматыда түсік тастаған әйел дер кезінде жәрдем бермеді деп дәрігерлерді сотқа берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар