Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде өтетін әлемдік қысқы Универсиадаға қатысушы елдердің саны рекордтық көрсеткішке жетті

2017 жылы елімізде өтетін әлемдік қысқы Универсиадаға қатысушы елдердің саны рекордтық көрсеткішке жетті. Бүгінде 64 мемлекеттің студенттік спорт федерациясы Алматыда өтетін Универсиадаға қатысуға өтініш берген.

ыыыыы

Сурет express-k.kz

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Өтініш беретін елдер саны әлі де артуы мүмкін екен. Ең көп спортшыны Оңтүстік Корея дайындап отыр. Олардың Алматыға әкелетін атлеттер саны 150. Өтінішті алғаш берген мемлекеттер қатарында қысқы спорт түрлерінің алпауыттары саналатын Швеция, Норвегия, Канада сынды елдер бар.

Африка құрлығынан да бірнеше мемлекет өтініш берген. Ал 2007 жылғы Италияның Турин қаласында өткен Универсиадаға 48 ел қатысса, Түркияның Эрзурум қаласында өткен ойындарда 52 мемлекеттің спортшылары бақ сынасқан.

“Қысқы Универсиадаларда бұрын соңды атлетикалық қалашық болмаған. Біздің Алматы қаласында арнайы Универсиада ойындарына атлетикалық қалашық салынып, 5000 спортшы бір жерде тұрады”, – дейді 2017 жылғы қысқы Универсиада дирекциясы директорының орынбасары Дидар Сағадиев.

Талқылау