Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде отандық көліктер өтпей жатыр

Отандық машина құрастырушы компаниялар тақырға отыруы мүмкін. Өйткені, елімізде автокөліктерге сұраныс азайып, зауыттарда жиналатын машиналардың санын 92 пайызға дейін қысқартуға тура келген, деп хабарлайды KTK арнасы.

07340092f352b6557aff5ebc2ec

фото lafa.kz

Мәселен, жарты жылда тек 7 мыңға жуық жеңіл автокөлік сатылыпты. Бұл былтырғымен салыстырғанда 59 пайызға кем. Сұраныстың еселеп азаюы кәсіпкерлерді тығырыққа тіреп отыр. Сондықтан отандық зауыттар өнімді азайтып, құрастырылатын автомобильдердің санын қысқартудан басқа амалы қалмаған. Өйткені, су жаңа «темір тұлпарлар» өтпей жатыр. Мұндай келеңсіздікке дағдарыс пен теңгенің құнсыздануы себеп дейді сарапшылар. Оның үстіне автонарықты қолдауға бюджеттен миллиардттар бөлінгенімен, саланың алға басатын түрі жоқ.

Талқылау