Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде оқушылар тест жауаптарынан жүздеген қате тапты

Мыңдаған түлектің машақаты аяқталды. Биыл 8 күнге созылған ұлттық тестілеуге еліміз бойынша 87 мыңға жуық түлек қатысқан. Тек солардың 19-ы ең жоғары 125 бал жинап, ұстаздарының үмітін ақтады, – деп хабарлайды КТК арнасы.

image_l (1)

Фото: massaget.kz

Бір сұрақтан да сүрінбегендер енді мемлекеттік грантқа таласады. Керісінше 14 мыңнан астам мектеп бітіруші ең төменгі 50 баллды да жинай алмаған. Бірақ, сынақтан сүрінгендер екінші рет бақ сынай алады. Яғни, тамызда 2 мың теңге төлеп қайта тест тапсыруға мүмкіндік бар.

Сондай-ақ, емтиханға ұялы телефон, шпаргалка сынды тыйым салынған заттар алып кіргені үшін 38 түлек аудиториядан қуылған. Олардың жазған жауабы да бірден жойылды. Бұл жолы тест сұрақтарына қатысты да түсінбеушіліктер жиі кездескен. Себебі, оқушылар тестілеуден 140 қате тауыпты. Бүгін Білім министрлігі 2-сі мен 10-ы аралығында өткен Ұлттық біріңғай тестті осылай қорытындылады.


Жіберіп алмаңыз:

Маңғыстаулық оқушылар мектеп бітіру кешіне жинаған ақшаларын науқас қызға табыстады

Алматыда оқушылар тауда аяғын сындырып алған әйелді 2 шақырымдай жерге көтеріп әкеліп, құтқарды (фото)

Ақмола облысының оқушылары бұзақының әрекеті үшін ардагерден кешірім сұрады (видео)

Швейцарияда мұсылман оқушылардың ұстаздармен қол беріп амандасуы міндеттелді

Талқылау