Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде “О дүниелік шоколадтар” шығып жатыр

Әрдайым қазақ тілінің тазалығы мен жарнамадағы аударманың сауаттылығы үшін күресіп жүретін әлеуметтік желі қолданушысы “о дүниелік шоколад” жөнінде жазды.

13886253_688666621309027_7228638353753378545_n-1

Мұхамбедия Ахмет-Төре өз парақшасында осындай суретпен бөліскен екен. 

– Мына шоколадты «о дүниеге» барғанда бере ме, әлде сол жаққа тезірек кету үшін жеу керек пе? – дейді автор.

Бұған қатысты әлеуметтік желі қолданушыларының бір тобы:«Отандық өнімнің жарнамасы осыншалықты сауатсыз жасалса, мұны кім алар дейсіз?» — деген пікір білдірген.

Ал енді бірі «өткенде осы шоколадтың бір-екі түйірін жеп қойып едік, енді не болар екен», — деп әзілдеген екен.

Көріп отырғаныңыздай бұл орыс тілінен қазақшаға тікелей аударған сөйлем. Кез-келген жарнама тақтасында, тауардағы жазуда қазақ тілі орыс тіліне тәуелді болмауы керектігін талай айттық. Алайда, тыңдар құлақ жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

Сапарбаевты қытайлық аудармашының қазақ тілін білмеуі ашуландырды

Лондонда есектің сөзін түсінетін аудармашы жұмыс істейді

Ескерту қағазындағы балағат сөздер алматылықтардың жағасын ұстатты

Талқылау