Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде мерзімді әскери қызметкерлердің ұялы телефон пайдалануына рұқсат берілді

Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметкерлердің ұялы телефон ұстауына рұқсат беретін шешімді қабылдады.

Бұл туралы sarbaz.kz жазады.

Жаңа шешім бойынша енді курсанттар мен кадеттер ұялы телефон пайдаланып, ата-ана, дос-жаран, туыстарымен еркін байланыса алады.

Шешімнің мақсаты – жеке құрамдағы азаматтардың моральдық-психологиялық жағдайына деген жауапкершілікті арттырып, оларды тиісті бақылаумен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, бұл қатарға әскери қызметкерлердің жекелей білім алу процесін жүйеге келтіру де кіреді. Олар күн сайын 15:00-16:00 аралығында телефон арқылы хабарласа алады.

Бұған дейін телефон қолдану тек аптасына бір рет – жұма күні ғана рұқсат етілетін.

Оқи отырыңыз:

Қарағандыда 24 жастағы бизнесмен жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Кеденшілер Қазақстанға айфон әкеліп сататындарға ескерту жасады

Петропавлда прокуратура ғимаратына қарама-қарсы қанды маникен ілулі тұр

Атырауда көлік жүргізушілері жол үстінде бір-бірін аяусыз сабады (видео)

Талқылау