Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде мемлекеттік мекемелер өз қызметшілеріне баспана алуға пайызсыз қарыз беруі мүмкін

Елімізде «70 – 20 – 25» бағдарламасы бойынша баспана алғысы келетін қызметкерлерге жұмыс берушілері көмектесуі мүмкін. ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың сөзінше, министрлер кабинеті аталған бағдарламаны қабылдағаннан кейін, жұмыс берушіден пайызсыз қарыз алу механизмі әзірленеді.

Елімізде мемлекеттік мекемелер өз қызметшілеріне баспана алуға пайызсыз қарыз беруі мүмкін

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Қазір біз бағдарламаға өзгеріс енгіздік. Егер оны үкімет қабылдаса, біз мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындарға өз қызметкерлеріне көмек көрсетуге рұқсат береміз. Яғни, мекемелер ипотеканың бастапқы жарнасын төлеу үшін қарыз беруге мүмкіндік алады. Төлемнің сомасы кәсіпорынның мүмкіндігіне байланысты болады. Бағалы қызметкерге бастапқы жарнаның 10-15 пайызын, тіпті бүкіл 20 пайызын да беруі ықтимал. Бұл қарыз пайызсыз болады», – дейді Қайырбек Өскенбаев.

Сонымен қатар тұрғын үй бағадарламасын жасаушылар жергілікті атқарушы органдарға жеке меншік салушылардан салынған үйлерді сатып алу құқығын беруге ниетті. Осылайша, мемлекеттік бағдарламада көрсетілген баға тұрғын үй құнымен сәйкес келген жағдайда, өткізу нарығын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Оқи отырыңыз:

Шымкентте бір отбасын қатігездікпен қырып салған ер адамға қатысты істің анық-қанығы белгілі болды

Үлкен Алматы өзенінің суы неліктен қызыл түске боялғаны белгілі болды

Әйелімнің жалақысы жақсы, баланы өзім қараймын: Елімізде декретке шығатын азаматтар көбейіп барады

Ақтауда қыз бен жігіт теңіз жағасында жұрттың көзінше жыныстық қатынасқа түсті

Талқылау