Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Елімізде мемлекеттік күзет қызметінің басшысы тағайындалды

Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзет қызметінің басшысы тағайындалды.

Елімізде мемлекеттік күзет қызметінің басшысы тағайындалды

"Садықұлов Әнуар Төлеуханұлы Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзет қызметінің басшысы болып тағайындалсын", - делінген президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.

Жарлық 2019 жылдың 13 маусымында қабылданды. 

Садықұлов Әнуар Төлеуханұлы 1967 жылы 7 қазанда Алматы қаласында дүниеге келді.

1984-1991 жылдары Алматы  мал дәрігерлік институтында оқыды; 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірді.

Жұмыс тәжірибесі:

· Қазақстан Республикасы президентінің қауіпсіздік қызметінің мүшесі, аға офицер, бөлім бастығы, бөлім басшысы, 2-бөлім меңгерушісі, Қазақстан Республикасы президентінің күзет қызметінің 1-бөлімінің меңгерушісінің орынбасары (10.1992-2006 жж.);

· 1 кафедра меңгерушісі - Қазақстан Республикасы президентінің Күзет қызметі басшысының орынбасары (03.2006-01.2012);

· 2012-2013 жыл аралығында Қазақстан Республикасы президентінің Күзет қызметі басшысының бірінші орынбасары - Президенттік күзет қызметінің басшысы;

· 2013 жылдың қаңтар-наурыз айында ҚР ҰҚК Арыстан қызметінің басшысы;

· 2013 жылдан бастап Қазақстан Республикасы президентінің Күзет қызметі басшысы;

· 2014 жылдан бастап ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы);

· 2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары - Арыстан қызметінің басшысы болды.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр