Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде мектеп оқушылары енді электронды күнделік пайдаланатын болды

Қазақстан мектептерінде 2017 жылдың соңына дейін күнделіктердің электронды нұсқасы енгізіледі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев тамыз кеңесінде мәлімдеген.

2544afa65329f6af46ba6e0519c1d4ff_resize_w_520_h_

“Сіз белсенді интернет қолданушысысыз. Алайда білім беретін мекемелердің көбі әлеуметтік желіде ашық емес. Осы орайда ата-аналармен белсенді түрде байланыс орнату үшін бірыңғай интернет-ресурсын ашуыңызды ұсынамыз. Себебі ата-аналардың көбісінде мектептер мен балабақшаларда берілетін кеңестерді алуға уақыты болмай жатады. Ал қашықтықтан байланыс орнату тиімді болар еді”, – деді министрге ұсынысын жеткізген Астана қаласының қоғамдық ата-аналар кеңесінің басшысы  Анар Түлебаева.

“Қазақстанда осы күнге дейін 1000 мектепте электронды күнделік енгізілген. Біз келесі жылдың соңына дейін елдегі барлық 7,5 мың мектепті электронды күнделікпен қамтамасыз етуді көздеп отырмыз, – деді министр.

Бұған дейін еліміздің қағаз күнделіктерден бас тартатынын хабарланған. Аталған жобаға 30 миллиард теңге ақша жұмсалады. Тек бұл қаржыны мектеп емес, инвесторлар төлейді.

Жіберіп алмаңыз:

Білім министрлігі мектепте смартфонға тыйым салуға қатысты пікір білдірді

Шымкент мектептерінде смартфон қолдануға тыйым салынбақ

Бекболат Тілеухан мектеп оқулықтарын Қожанасырдың хатына теңеді

Астанада қыркүйекте құны 13 млн доллар тұратын мектеп ашылады

Талқылау