Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде мектеп директорларына ақша жинауға тыйым салынғаны ескертілді

Алматыда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің директоры Данияр Таумұрат мектептегі жемқорлық мәселесі жайлы айтты.

Елімізде мектеп директорларына ақша жинауға тыйым салынғаны ескертілді

Бұл туралы Алматы қаласының ресми сайтына сілтей отырып, Stan.kz хабарлайды.

“Бұған дейін тұрғындардан мектеп басшылығының түрлі жағдайларға қатысты ақша жинайтынын айтып шағымданды. Мектепке жөндеу тазалау басқа да шаралар үшін мемлекеттен ақша бөлінеді. Сондықтан ақша жинау заңсыз. Цифрландыру жүйесін енгізгенде, адами фактор жойылады. Осы себепті мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру үшін «Алматы мектеп» бағдарламасын қолға алдық. Ол бойынша ата-аналар бала бақшаға кезекке қоя алады”, – дейді Данияр Таумұрат.

Ал, мектептерде ақша жинау мәселесіне қатысты жауапты адамдар жазаланатын болады. Заң бойынша қылмыстық іс қозғауға болады.

“Мұғалімдер тек балаларды оқытып, тәрбие беруі керек. Бүгінде өзінің мемлекеттік білім мекемелерінде жұмыс істеп жатқанын ұмытып кететін мамандр бар”, – дейді қаланың Білім басқармасының басшысы Гүлнар Қожабергенова.

Гүлнар Қожабергенова қаладағы әр мектепке ақша жинау заңсыздығы жөнінде хат жіберіліп, ескерту жасалған. Бұл бойынша алдымен мектеп басшысы жауап береді. Ақша жинау мәселесі үшін биылдың өзінде 7 мектеп директоры орнынна алынды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау