Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде қыздарды төбелесуге, жігіттерден өзін қорғауға үйрететін мектептер ашылуда

Қоғамда көп жағдайда жігіт қыздан емес, қыз жігіттен таяқ жеп жатады. Алайда, соңғы жылдары бұрымдылар бұл стереотипті бұзып жатыр! Ол үшін тіпті нәзік жандыларды төбелеске үйрететін, өз-өздерін қорғап, бұзақының сазайынын тарттыру үшін тегін мектептер ашылуда.

Жастары 20 мен 30 дың аралығындағы бойжеткендерді жаттықтырушылары Серік Рысбаев тек физикалық тұрғыда дайындамай түрлі ситуациядан тез шешім қабылдап, шығудың да жолдарын қатар үйретуде, деп хабарлайды Евразия арнасы.

«Осы программаның мақсаты спорт  емес Мысалы жаңағы Айкидо, каратэ деген бар. Қыздар өздерін қорғау үшін сондай программаларға барады. Бізде өзін қорғау үшін қандай жағдай болмасын содан шығуға үйрету» – дейді жаттықтырушы Серік Рысбаев.

Ал, мұнда кімдер келеді? Бойжеткендердің бірі бұл сұраққа «Сақтанғанды құдай сақтайды»,- деп жауап қатса, енді бірі зорлық-зомбылықтың құрбаны болғанын жасырмады.

«Ия. Мұны кез-келген әйел мойындай бермейді. Мен мойындай аламын. Менің басымнан өтті. Бірақ, мен өзім үшін шешім қабылдадым. Екінші мұндайға жол бермеймін. Қазір менің тек тәнім емес, рухым да мықты» – дейді қала тұрғыны Әсел.

Маркетолог Ольга Скорынина бұл жобаның негізгі мақсаты да сол дейді. Тұрмыстық я сексуалды тұрғыдағы зорлық-зомбылықпен бетпе-бет келген бойжеткендерге көмектесу.

«Біздің елде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық өте көп. Ақпарат құралдарында өріп жүреді түрлі оқиға. Сосын біз мұны қалай тоқтатуға болады, осындай жағдайға тап болған жандарға қалай көмектессек екен деп ойландық. Бастамасы ретінде тегін курстар өткізуді ұйғардық» – дейді маркетолог-аналитик Ольга Скорынина.

Расыменде қоғамның қазір алаңдайтындай-ақ жөні бар. Қазақстан ТМД елдері арасында әйелдерге көрсетілетін зорлық-зомбылық жағынан бірінші орында.

«Өзге елдерден 6-7 есе көп. Мысалы Киев. 5 000 000 халқы бар. Оларда жыл сайын аталған бап бойынша 36-32 іс қозғалады. Енді Алматыны алайық! 2 000 000 млн адамы бар! Жылына 280-300 істей тіркеледі. Ресейді алайық. Былтыр 3000-нан астам іс тіркелді. Сексуалды зорлық-зомбылыққа қатысты. 142 млн тұрғынға шаққанда. Ал бізде 2000-нан астам. 18 млн тұрғынға шаққанда» – дейді қоғамдық қор директоры Дина Смайлова.

Ең қызығы бұл статистика жыл сайын өспесе, кемитін түрі жоқ. Неге?

«Бірінші ол жәбірленушінің өзі құрбан болған адамның өзінен. Уақытында шағым жазбайды. Ұятқа салып. Анамен ақылдасып, мынамен ақылдасып ол келгенше кей дәлелді дәлелдеу қиын болады. Екінші ол полиция қызметкерлері. Уақытында алмайды. Сараптама дайындамайды уақытында. Алса да оны қисық мисық қылып жазып. Біреуін жазып, біреуін жазбай. Күтіп отырады зорлаған адамдармен келісіп қала ма деп!» – дейді адвокат Айман Омарова.

Әйелдердің құқығын қорғауда 10 жылдық тәжірибесі бар Айман Омарова, мұның барлығы елдегі заңның осалдығынан дейді. Өйткені, ол ер азаматтардың бойына ешқандай қорқыныш ұялатпайды.

Мәселен, Ақш та қалай? Әйеліңді сабадың ба полиция келіп сені үйіңнен қуып шығады. Қайда барасың? Ол енді сенің проблемаң! Тіпті, қайтып келген күннің өзінде отбасыңды табуың екіталай. Өйткені, ондағы заң  әйел таяқ жеді ме оны бірден балаларымен бірге «кризистік орталыққа» орналастыру  талабын қарастырған. Ал, кейінгісін сот шешеді. Бізде ше?
«Өзі ғана барып, өзі жазып, өзі дәлелдеу керек. Ол өзі қалай дәлелдейді. Ол құқығын білмейді. Жаңағы әкімшілік. Барады да айыппұлын төлей салады, ну 15 күннен кейін қайтіп келеді ол үйіне. Заң басқа болу керек. Біріншіден қорғайтын заң ол мына Америкада, Оңтүстік Кореяда болған кезде тәжірибе алдым. Бұл жерде өзгеріс керек. Сотты қалай қарауда. Сот жылдам қарау керек. Оқиға түнде облса,  түнде қарау керек. Ертең деген болмау керек» – дейді адвокат айман Омарова.

Қоғамда  үлкен дау тудырып жүрген тағы бір заң тармағы қылмыстық кодекстің 120,121 баптарына қатысты. Яки  сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері мен зорлау. Сала белсенділері бұл бапқа келгенде медиация ұғымы мүлдем қолданылмауы тиіс дейді.

«Соңғы үш жылда елде  8000-нан астам әйел сексуалдық тұрғыдағы зорлық-зомбылыққа ұшырады. Оның 5000-дайына қылмыстық іс қозғалды. Ал, жазаға тартылғандар саны 884. Енді өзіңіз ойланыңызшы.Мәселе қалай шешіліп жатыр? 30 пайызға ғана. Көбісі екіжақты келісімге келеді.Меніңше баптағы бұл  талапты алып тастау керек. Өйткені жемқорлық әрекеттерге жол береді. Құзырлы орган өкілдері екі жақты мәмілеге келтіру арқылы істі жауып тастайды», – дейді қоғамдық қор директоры Дина Смайлова.

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау