Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Бір сағатқа жалданатын” қазақстандық қыздар жұмыстары жайлы айтып берді

Бір сағатқа әйел жалдау дегенді естуіңіз бар ма? Бүгінде үлкен қалаларда осындай үрдіс белең алып келеді.Бір сағаттық әйелді қайдам, бір сағаттық күйеу деген де шықты. Негізінен олардың көрсетер қызметі көбіне үй жинау, үй шаруасын реттеумен байланысты.

Бір сөзбен айтқанда жалшы. Яғни уақытша кеп жұмысыңды тындырып, ақшасын алып кетеді, деп хабарлайды Евразия .

Бірақ осы ретте сұрақ туындайды, егер ол, жалдамалы негізде қызмет көрсетсе неге әйел немесе күйеу деп аталады?  Яғни уақытша жар болу міндеті де көңілге сап ете қалмай ма?!

Әлбетте, мәселенің бұл қырынан бөлек, оның әлеуметтік жағы бар. Яғни бір сағаттық әйелдер мен күйеулер еріккеннен жүрген жоқ. Сол баяғы күнкөрістің қамы да.

Ғаламторды ашып, «бір сағаттық куйеу не әйел» деп терсеңіз  болды, мыңдаған хабарламадан көз сүрінеді. Қазір біз сондай қызметтің түрін пайдаланып көрмекпіз. Ол үшін бір-екеуіне хабарласамыз қазір, сіздердің көздеріңізше!

Көзіміз көрген бірінші нөмірге телефон шалдық.

– жоқ, бүгін бос емеспін, мүмкін ертең бола ма?

Хош. Басқа бірін көрелік.

– Алло, сәлеметсіз бе? Сізге хабарландыру бойынша қоңырау шалып тұрмын.

– Иә, тыңдап тұрмын,

– Бүгін уақытыңыз бар ма үйге келуге, жалпы үй жинап кетууге, тамақ жасап кетуге еген сияқты.

– Сізге генеральный ма? Жай ма?

– Маған жай. Қанша уақытта бітеді.

– 2 сағатта бітеді, шаң сүртемін,  полын жуамын.

–  дәл қазір келуге уақытыңыз бар ма?

– иә, адресін жазып қойсаңыз болды.

Бір сағаттық әйел бар, енді күйеу керек.

– маған есіктің тұтқасын жөндеу керек еді. Тұтқасы түсіп қалды. Бағасы неше?

– Ағаш есік пе, темір есік пе?

– Ағаш.

– 1500 теңге болады, темір болса 3000.

– Жақсы күтем!

Арада бір сағат өтер өтпес бір сағаттық күйеу жігіт алғаш боп жетті. (сағат қою керек)

  • Тез келдіңіз ғой
  • Жақын маңда болғам!

Әділжан  көзі ашық, оқыған азамат негізі. Айти саласының маманы болу керек еді. Тілеген жұмысын көп іздеді, табылмады бірақ. Енді міне 4 жылдан бері, компьютер емес, темір терсек теріп жүр. Табысы тұрақсыз, бірде бар, бірде жоқ.

Елімізде қыздар "бір сағатық әйел" болып жалданып жұмыс істеуде

«Иә казір енді жұмыс жоқ. Кім ақ қағазбен ручка ұстап  отырғысы келмейді дейсіз,барлығымыз да отырмыз келеді. Жұмыс жоқ амал жоқ енді. Ешкімнін ала жібін аттап жатқан жоқпын. Адал еңбегіммен,өзімнің күшіммен жұмыс жасап жүрген жайым бар» – дейді әмбебап жігіт Әділжан Ақмағамбет.

Момын жігітті менсінбей, мойнына отырып алатын арсыздар жетеді. Ақшасын бермей, зар еңіреткен кездері көп.

Елімізде қыздар "бір сағатық әйел" болып жалданып жұмыс істеуде

«Әр түрлі кісілер бар ғой. Әркімге жаға бермейсің. Болады ондай жағдайлар да. Сабырмен қарап кетесің енді» – дейді әмбебап жігіт Әділжан Ақмағамбет.

Әділжан есікті жөндеп жатқанда, Ақнұр да жетті. Үй тазалауға қажетті керек-жарағын өзімен арқалап келіпті. Сыртынан қарағанда, сұлу қызды қара жұмысқа қимайсың. Сөзі аз, бірден іске кірісті. Келіскеніміздей, ыдыс-аяқты жуды, жиһаздарды жақсылап сүртіп берді. Тамақ та әзірледі. Барлығы 5000 теңге. Айтуынша, келісім қағазға түспейді, соны пайдаланып, ақшасын беруге көп адам құлықсыз.

«Бізде арнайы договор деген арнайы документ жоқ. Заңсыз жұмыс қой, сондықтан жағдайлар көптеп кездеседі. Біз ешкандай келісімге келмедік ешқандай кұжат жоқ деген мәселелер болады. Жинатып алады да ақшасын бермейді» – әмбебап қыз Ақнұр.

Ақнұрдың алған мамандығы заңгер. Заңгер бола тұра заңсыз жұмысқа, екі қолға бір күрек таба алмағасын амалсыз бардым дейді. Жұмысым жоқ, көңілім де тоқ болмады.

« Диплом бар,білімім бар, оқығам, бірақ осы жұмыстың жетіспеушілігінен мен осындай жұмыс істеп жүрмін. Маған бұл ұнамайды, әрине біреудің ұрсын естіген, үйін жинаған, шаңын сүрткен. Казір жена на час дейді ғой кейбіреулері приставать еткен кездерде болады» – дейді әмбебап қыз Ақнұр.

Көрікті қызға көз салатындар көп. Қауіпсіздігіне ешкім жауап бермейді. Тұтқаның арғы жағындағы бейтаныс жанның ойын да, бойын да білмейді. Құрғақ сөзге сенуге тура келеді.

«Шыны керек, тамақ жасап болғасын, массаж жасап беріңізші, яки, тазалық жұмыстарынан кейін мүмкін кешті оңаша жалғастырайық деген мағынада ұсыныс көп жасалады. Мен жезөкше емеспін. Жас отбасымыз, айлығымыз шайлығымыздан артылмайды. Қосымша жұмыс істеуге мәжбүрмін. Сол себепті мұндай сөздері менің намысыма тиеді» – дейді Карима.

Арудың арына тиетін арсыз сөздерді айтудың астары неден? Атауына үңілейік. Бір сағаттық әйел. Орысшаласаңыз, жена на час. Есті құлаққа ерсі естіледі. Анайылық аңқып тұр.

«Оны әр адам әр түрлі түсінеді. Егер қаладағы күнделікті қалада сол қызметті пайдаланып жүрген, мысалыға өзінің үйіне сантехник немесе электрик мамандарын шақырып жүрген отбасылар олардың құлағы үйренген.Оған ерсі естілмейді.Ал егер әрине бұрын соңды естімегендер үшін жаңадан көрген үшін жарнаманы көргені үшін оларға тұрпайы көрінеді» – дейді психолог Лимана Қойшиева.

«Бір құмалақ  – бір қарын майды шірітеді» деген сөз бар. Аңғарғанымыз, бір сағаттық қызмет көрсетіп жүрген жандардың арасында аңқаулары көп, арсыздары да жоқ емес. Әлеуметтік желідегі жартылай жалаңаш суреттерінен секем алып қалдық. Көңілге күдік ұялатады. Хош.

Қызметтерінің адал, харамдығын өздерінің арына салдық. Біздегі ой, неліктен бұл қызметке қоғам құштар боп кетті? Жұмыссыздық. Ұлттық экономика министрлігінің есебінше, елде екі қолына бір күрек таба алмай жүргендер –  4,9 пайыз. Бірақ сандар сенімге селкеу түсіреді. Экономист бүй дейді.

«Бізде еңбексіздердің санын ескертіп отырғанда, ауылда тұрып жатқан азаматтардың бәрін жұмыссыз деп айтуға болады, бірақ статистика бойынша олар өздерін-өзі қамтамасыз етіп жүрген азаматтарға саналады. Сондықтан олардың 2,3 млн азамат негізі ауылда тұрып жатқан азамат. Ауылды алсаңыз, 5 мың азаматқа 50 орыннан артық табыла қоймайды. 50 дегенің жақсы, 4,7 4,8 деген статистикаға өзім сене қоймаймын. Бұл енді ең бірінішіден жұмыспен өзін өзі қамтып жүрген азаматтарды ескермей отыр» – дейді экономист Меруерт Махмұтова.

Статистиканың сәні келіссе болды, мәні бір тиын. Үкімет үшін. Өйткені Үкіметтің жұмысын бағалайтын басты индикатор – елдегі жұмыссыздық. Халықаралық стандарт бар. Егер көрсеткіш 6 пайыздан асса, билік өз қызметін лайықты дейгейде атқара алмай отыр дегенді білдіреді. Бірақ, бізге сөздің істен алшақ болуы бұрыс па, дұрыс па?

«Қазақта сөз бар. Өзін өзінің ауруын құнттамаған сол аурудан өледі. Сондықтан жұмыссыздық бар екенін құнттау керек, сосын ол азаматтарды қалай жұмыспен қамтамасыз етеміз деген мемлекеттік бағдарлама дамыту керек» – дейді экономист Меруерт Махмұтова.

Біреу үй десін, басқа бүй десін, бір нәрсе анық. Қазір қоғамның мұндай қызмет түріне қызығушылығы басталды. Аяғы – қызға күйеу, жігітке келіншек керек емес дегенге әкелмесе болды.

Тағы да оқыңыз:

Құтқаратын ешкім болмаған: Таразда екі бүлдіршін өртенген үйден шыға алмай көз жұмды

Танымал қазақ сатиригі өзінен 32 жас кіші әйелін көрсетті (фото, видео)

Жан Ахмадиев: Жезөкшелерді малға теңеймін

Талқылау