Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дархан Кәлетаев қоғамдық даму министрі болып қайта тағайындалды

Дархан Кәлетаев елбасының бұйрығымен Қоғамдық даму министрі болды.

Елімізде қоғамдық даму министрі тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

«Д.А. Кәлетаевты Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі қызметіне тағайындау туралы Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі қызметінен босатылсын», – делінген президент жарлығында.

Саясаттану ғылымдарының докторы Дархан Калетаев 1972 жылы өмірге келді. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде тарихшы-оқытушы мамандығы бойынша, Ұлттық Жоғары Мемлекеттік басқару мектебінде мемлекеттік басқарудың менеджері мамандығы бойынша білім алған.

Айта кетейік, бұған дейін Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Қоғамдық даму министрлігі болып өзгерген еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау