Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде кепілдендірілген тегін медициналық көмек түрлері сақталады

Кепілді тегін медициналық көмектің кейбір түрлері елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырусыз қолжетімді болады. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Біртанов осылай деп мәлімдеді.

08c71b55ef887b4e0ecff4579b034c56

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

“Міндетті медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін де біз кепілдендірілген тегін медициналық көмектің көлемін сақтаймыз, яғни, бұл тұрғыда медициналық сақтандыруға қарамастан, тиісті қызметтер мемлекет тарапынан төленетін болады. Осы орайда бірінші кезекте жедел медициналық көмек, инфекциялық аурулардың имуннопрофилатикасы, сондай-ақ, туберкулез, психиатрия және басқа да әлеуметтік маңызды дерттер қамтылған. Атап айтқанда, мемлекет кез келген жағдайда өзінің азаматтарына кепілдік беріп, міндетті түрде емдейтін аурулар қарастырылған, — деді вице-министр.

Е.Біртановтың айтуынша, қалған медициналық қызметтер қосымша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетін қалыптастырады. Күнделікті медициналық қызметтер, яғни, алғашқы медициналық-санитарлық көмек, мамандардың кеңесі, диагностикалық қызметтер, стационарлық көмек, жоғары технологиялық қызметтер ескеріледі.

Сонымен қатар оған сауықтыру, паллиативтік көмек, қосымша дәрілік қамтамасыз ету кіретін болады. Осы қызметтер енді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне кіреді. Денсаулық сақтау вице-министрі кепілді тегін медициналық көмектің көлемін мемлекет төйлейтінін, ал медициналық сақтандыру аясындағы қызметтерді арнайы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өтейтінін атап өтті. Қор биыл құрылып, 2017 жылдың 1 қаңтарынан іске қосылмақ.

Талқылау