Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде қай көлік түрінің ең көп ұрланатыны анықталды

Сақтандыру қызметкерлері Қазақстанда қандай көліктің ең көп ұрланатынын айтып берді.

f043a6ed92cace82055de279aa38821f

Фото: vlg-media.ru

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Елімізде ұрылардың көзіне ең көп түсетін көлік түрі – ресейлік “Лада” екен. Екінші орында “Тойота” тұрса, үштікке “Мазда” автокөлігі ілінген.

“НОМАД Иншуранс” сақтандыру компаниясының хабарлауынша, “Лада” ұрлап кетуге өте қолайлы көлік. Бұл маркадағы көптеген автокөліктерде дабыл жүйесі орнатылмаған. Оны сым тетіктерін тигізіп оталдыра салу да оңай екен.

Көбінесе ұрылар жүргізушілердің салақтығын пайдаланады. Мысалы, 2015 жылы жүргізушілері есігін жабуды ұмытып кеткен 2500 көлікті қолды қылған. Ал кілттерін жасатып алу арқылы 169 көлікті ұрлап кеткен.

Көлік ең көп ұрланатын қала – Алматы екен. Әуезов пен Алатау қаланың ең қауіпті аудандары қатарына жатады. Ал Медеу ауданында мұндай жағдай өте сирек тіркеледі.

Оқи отырыңыз:

Қазақстан мен қазақстандықтардан көңілі қалған туристер: 4 оқиға

Серік Абас-шах тоқалымен елді құтқармақ болған Қыдырәліні әжуалады

Қазақстандық әйел туған қыздарын зорлап келген күйеуі туралы айтты

“Генерал келін” енесін жаңа түскен абысынынан қызғанып жүр

Талқылау