Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде қатты аяздан ұшқан құс та, кетіп бара жатқан ит те қатып қалып жатыр (фото)

Елімізде осы аптада аяздың беті қарып тұр. Аяздан адамдар ғана емес, жан жануарлар мен ит-құс та зардап шегуде.

Видеолар Инстаграмның eap_kz тобында жарияланды.

Желіде Астана мен Алматының суығынан қатып қалған ит пен құстың, тышқан мен мысықтың, өзге де жануарлардың видеосы тарап жатыр. Мәселен қарлы боранда кетіп бара жатқан иттің сол күйі қатып қалғаны түсірілген видео тарады.

Ал, Алматыда көлік жөндеу орнындағылар тышқанның қатып қалғанын айтты.

“Тышқан қашып бара жатып қатып қалғанға ұқсайды”, – деді көлік жөндеушілер.

Астана тұрғыны да үйінің алдында үйректің қатып өлгенін айтады.

“Ұшып бара жатқан үйрек қатып қалып, жерге құлап түскен, меніңше”, – дейді ол.

Ресейдің дүниежүзілік жабайы табиғат қоры “Климат пен энергетика” бағдарламасының директоры Алексей Кокорин Қазақстандағы суық ауа-райының себебін түсіндірді.

“Біздің үнемі қозғалыстағы атмосферамыз құбылып тұрады. Бұл құбылулар біртіндеп жиілеп, біресе суық ауа ағынын, біресе жылы ауа ағынын алып келеді, сондықтан бір жерде шөл, бір жерде су тасқыны болады. Сол себепті өте ауқымды климат өзгерісіне дайын болуымыз қажет”, — дейді Кокорин.

Мамандардың айтуынша, бұл қатты аяздар аптаның соңына дейін сақталады. Тек келесі аптаның басынан бастап аяз басылмақ.

Тағы да оқыңыз:

Көкшетауда немересін ерткен әжейді пойыз жолсерігі -40 градус аязда далаға тастап кетті

Ауғанстанда қаза болған қазақ жігітінің туыстары алаяқтарға алданып қалды

Қарағандыдағы кішкентай қыздың өліміне дәрігерлердің кінәсі бар екені белгілі болды

Талқылау