Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде картоптың құны 300 теңгеге жетуі мүмкін

Ірі сауда желілеріндегі бағаларға зерттеу жасаған сарапшылар осылай дейді. Бұның себебі, өткен егістік кезінде диқандар жанармайға, автобөлшектерге, сондай-ақ, тыңайтқыштарға айтарлықтай шығынданып қалған көрінеді. Бұл туралы КТК хабарлайды.

Енді соның салдарынан әдетте көтерме бағасы 35 теңге тұратын картоп қазір 55 теңгеден саудаланып жатыр. Күздің аяғына қарай бүкіл өнімді жиып алған кезде тағы қымбаттайтыны сөзсіз. Өйткені, қоймаға түскен өнімнің аздап шығыны болады.

Ал, шаруаға оның орнын толтыру керек. Көкөністердің ішінде қымбатшылыққа қатты ұрынғандардың бірі қияр болып отыр. Оның себебі, қазір егістіктегі қиярдың бәрі жиналып болды.

Пияз бағасы да көтеріле бастады. Ал сәбіз 15 пайызға, қырыққабат шамамен 7 жарым пайызға, қызанақ 7 пайызға қымбаттады.

Оқи отырыңыз:

Елімізде азық-түлік пен ақылы қызметтер құны одан әрі шарықтап кеткен

Қазақстанда жасы 50-ден асқан азаматтар белсенді түрде ипотекаға үй ала бастады

Өзбек сумының құнсыздануы Қазақстанға қалай әсер етеді?

Энергетика министрі: Қазақстанда электр энергиясы тарифтері қымбат деп ойламаймын

Талқылау