Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда күдіктінің кінәсін дәлелдей алмаған тергеушілер айыппұл төлемек

Тергеушілер күдіктінің телефон әңгімесін жасырын тыңдап, ізін аңдығаны үшін өтемақы төлейді. Әрине, бәріне бірдей емес, деп хабарлайды КТК.

Егер полицейлер мен прокурорлар қамауға алынған адамның айыбын дәлелдей аламаса. Яғни, судья күдіктіні кінәсіз деп танып, босату туралы үкім шығарса. Сондай-ақ, айыптыны қамау уақыты да 72 сағаттан 48 сағатқа  қысқарады. Ал жеңіл қылмыс жасаған кәсіпкерлерді мүлмен түрмеге тоғытылмайды. Қылмыстық тергеу жүйесіне осындай өзгерістер енбек.

Жалпы, елімізде Ұлттық қауіпсіздік комитеті, полицейлер, прокурорлар мен жемқорлыққа қарсы бюро қызметкерлері күдіктінің телефон әңгімесін жасырын тыңдап, соңына түсуге құқылы. Бірақ, терегушілердің айыптыны бұлай күні-түні аңдуы үнемі негізді болмайды. Кінәсі дәлелденбей, сот шешімімен бостандыққа шығып жатқандары да аз емес.

Бірақ, бірнеше ай жасырын бақылауда болған күдіктіге бұған дейін  бір тиын да төленбейтін. Енді прокурорлар айыбы дәлелденбеген адамдарға моральдық өтемақы бермек.

“Процессуалдық шешім қабылданған кейін 6 айдан аспай тергеу органдары мәлімдеме береді. Заңсыз қылмысқа тартылып жатса, ақталып жатса, ол өзінің құқығы осы келген зардапты мемлекеттен талап етуге. Ал мемлекет кінәлі адамнан талап етеді”, – деп хабарлайды ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов.

Әзірге күдіктінің телефонын негізсіз тыңдап, жасырын видеокамераға түсіргені үшін оған кімнің ақша төлейтіні белгісіз. Депутаттар бұл шығынды істі дұрыс жүргізе алмаған тергеушінің жалақысынан ұстауды ұсынды. Сондай-ақ, ұсталған адамды қамау уақыты да 72 сағаттан 48 сағатқа қысқармақ. Өйткені прокурорларға «тергеушілер осы үш күнде заңбұзушылыққа барады, құқығымыз тапталды»  деп азаматтар жиі  шағымданады екен. Бірақ бұл жеңілдіктің ауыр қылмыс жасағандарға қатысы жоқ.

“Экономикалық қылмыстар саласында мысалы, қамаққа алу тек қана 6 статья бойынша қалып отыр. Ал басқа қолдан жалған ақша жасау, рейдерлік, қаржы пирамидасы, ұйымдасқан қылмыстық топтар қоғамға қауіп әкелетін. Қалған істер бойынша қамаққа алу бас тартып отырмыз”, – дейді ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов.

Прокурорлар жеңіл қылмыс жасаған кәсіпкерлерді де қамауға алмайық деп отыр. Мәселен, салық төлемегені үшін істі болып жатқан бизнесмен адам өміріне қауіпті болмағандықтан, оны темір торға тоғытудың қажеті жоқ. Жаңа заң жобасы бойынша адвокаттардың да құзыреті кеңеймек. Енді қорғаушы да клиентіне қатысты өз дәлелдерін жинап, жеке сараптама жасай алады. Оны судья ескеруі тиіс. Және азаматтар сотқа да, прокурорларға да шағымдана алады.

“Азаматтар сотқа да, прокурорға да хат жазып немесе сөйлесуіне болады деп. Соны біз заңдық нақтыласақ қайтеді? Не сотқа, не прокурорға деп. Адамдарды әруре сарсаңға саламыз, сен анаған бар, мынаған бар деп. Заңды бірбетті қылып жазу керек”,- дейді Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев.

Соңғы кезде елімізде қылмыстық істер із-түссіз жоғалып кететін болыпты. Құзырлы органдар 3 жарым мың істен көз жазып қалған. Тергеушілер жиі ауысатындықтан, том-том тергеу құжаттарын бірі-біріне пысықтап тапсырмайды екен. Енді барлық тергеу шараларын электронды жүйеге көшірмек. Сонда бар ақпарат ортақ базада тұрады.

Ол үшін Ішкі істер министрлігі бюджеттен 11 миллиард теңге сұрап отыр. Бұл қаржы полицейлерді толық компьютермен қамту үшін керек екен. Егер қылымыстық істер электронды жүйеге көшірілсе, 64 мемлекеттік органның ақпараты бір базаға бірігеді. Сонымен қатар, жаңадан өндірістік бұйрық қабылданбақ. Егер жеңіл қылмыс жасаған адам өз кінәсін мойныдап, дәлелдермен және айыппұлмен келіссе, өндрістік бұйрық бойынша шешім қабылданады. Судья 6 тәулікте шешім шығаруы тиіс.

Тағы да оқыңыз:

Ақтөбелік кәсіпкер анасы рактан қайтыс болған балаларға 2-қабатты зәулім үй салып берді (фото)

Қазақстандықтарға телефонының тыңдалымға қойылғандығы жөнінде қашан айтылады

Ақтөбеде футбол жанкүйерлері атыраулық жігітті сабап тастады

Талқылау