Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде ішімдік ішіп, отбасында ойран салатындар енді абақтыға ұзағырақ жабылуы мүмкін

Бүгін Мәжіліске осындай заң жобасын әкелген Әділет министрлігі маскүнем еркектерге қатысты заңды күшейтуді ұсынып отыр. Бұл туралы КТК хабарлайды.

Безымянный

Өйткені, әйеліне қол көтергендерге қазір айыппұл салынады немесе 3 сағатқа ғана қамауға алынады. Жаза жеңіл болғандықтан тұрмыстық зорлық зомбылықтың саны еселеп артыпты.

Оның үстіне араққа сылқия тойған азаматтар бірнеше сағаттың ішінде айығып үлгермей, керісінше ашуланып бар өшін келіншегінен алатын көрінеді. Сондықтан мұндай ішімдік ішкендер бұдан былай бір тәулікке қамауға алынуы мүмкін. Бірақ, әзірге бұл заң жобасы ғана. Ал, депуттар болса, жазаны әлі де қатайту керек деп отыр.

“Отбасының шырқын шығарған маскүнемді 24 сағат қамау жеткіліксіз. Бойындағы алкоголь тарап ақылға келіп үлгермейді. Сондықтан абақтыға 48 сағатқа жабу керек. Осы мәселені қайта қарауымыз керек”, – дейді Мәжіліс депутаты Меруерт Қазбекова.

Оқи отырыңыз:

Ұлын мойындамаған алматылық жігітке ДНҚ сараптамасы әке екенін анықтап берді

Пайғамбарымыз (с.ғ.у.) балаларға қоюға тыйым салған есімдер

Әрбір бейсенбі күні әруақтар босағаға келіп құран дәметеді деген рас па?

Қаралы үйге заманауи түрде жапонша көңіл айту салтқа енетін болды

Талқылау