Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде интернет-дүкендердің алаяқтығы әшкере болды

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мекенжайына электрондық сауда кезіндегі алаяқтыққа қатысты көптеген шағымдар келіп түсетіндігін және интернет желісінде жосықсыз сатушыларға қатысты көптеген теріс пікірлер бар екендігін тұтынушылардың назарына жеткіземіз.

Электронды қызметпен қолданатын тұтынушылардың шағымдарына сәйкес аталған субъектілер қолдануға жарамсыз, мәлімделген талаптарға, сондай-ақ моделі, өндірушісі сәйкес келмейтін сапасыз және жалған тауарларды өткізеді, сонымен қатар сатушыдан ешқандай кері байланыс жоқ.

Комитет интернет желісінде субъектілердің атауы мен сатушының (дайындаушы, орындаушы) орналасқан жері (заңды мекен-жайы) туралы ақпарат жоқ интернет сайттарында тауарларды сатып алмауды сұрайды.

Комитет интернет желісінде тауар сатып алу кезінде өте сақ болуды сұрайды.

Қазіргі уақытта Комитет аталған бағытта шаралар қабылдау бойынша тиісті жұмыс жүргізуде.

Талқылау