Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Елімізде фрилансерлердің бір бөлігі зейнетақы жарнасын төлеуден босатылды

Қазақстанда фрилансерлердің бір бөлігі зейнетақы жарнасын төлеуден босатылады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіндегілер осылай дейді, деп хабарлайды Stan.kz.

Елімізде фрилансерлердің бір бөлігі зейнетақы жарнасын төлеуден босатылды

Жалдамалы жұмысшы ретінде қос қызметте жүрген  азаматтар (яғни жеке еңбек келісім-шартын жасау аясында)  және азаматтық-құқықтық негіздегі келісім бойынша жұмыс істеп жүргендер немесе қызмет көрсетіп жүргендер, табыс көзінен  міндетті зейнетақы жарнасын төлеуден босатылады.

Азаматтық-құқықтық негізде келісім-шарт бойынша жұмыс істеп жүрген  жеке тұлғалар  үшін міндетті зейнетақы жарнасын  заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлік және жеке тәжірибемен айналысатын тұлғалар төлейді.  Олар салық агенті ретінде фрилансерлер үшін жеке табыс салығын есептеп, төлеуі тиіс.

Сонымен қатар азаматтық-құқықтық келісім-шарт бойынша жұмыс істеп жатқан адамдардың, жеке тұлғалармен келісімге отырған  жеке тұлғалардың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу құқығы сақталады. Олар өз бетінше міндетті зейнетақы жарнасын төлей алу мүмкіндігіне ие.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр