Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде ет-сүт өнімдерімен бірге көкөніс бағасы да қымбаттап кетті

Қымбатшылық маусымға да қарамайды. Ет, сүт өнімдері мен жанармайдың ізін ала енді көкөніс бағасы да күн санап көтеріліп жатыр, деп хабарлайды КТК.

124802_1473250910

Жаз шығып, оңтүстік өңірлерде көкөністің алды өнім бере бастаса да, пияз құны соңғы бір айда 20 пайызға артыпты. Картоп бір жылда 72 пайызға өссе, сарымсақ тіптен аспандап кеткен. Келісі 1100 теңгеден.Сәбіз, қызылша, қырыққабат та арзан емес. Енді, жеміс-жидекті сирек жеуге тура келетін сыңайлы. Өйткені, оларлың да құны көтерілген. Тек вегетариандар емес, етсіз тамақ жемейтін қазақтарға да қазір қиын болып тұр.

Қой мен сиыр етінің келісі кемі 1300 теңге. Қазір балықтың кейбір түрлерінің келісі 1300-ден асып жығылады. Қатардан сүт өнімдері де қалмапты. Қазір сүттің литрі 205, қаймақ 930 теңге. Ал, ірімшік тіптің қымбат. Оны 2100 теңгеге алып жеуге кез-келгеннің жағдайы келмесі анық. Астыққа бай ел болсақ та, ұн бағасы едәуір жоғарылапты.

Пияз 119Т +30,9%

Картоп 138Т +71,7%

Сарымсақ 1139Т +25,1%

Сәбіз 122Т +5,4%

Қызылша 137Т +4,6%

Қырыққабат 109Т +37,3%

Апельсин 519Т +3,1%

Лимон 831Т +10,6%

Қой еті 1328Т +12,8%

Сиыр еті 1370Т +14,5%

Жылқы еті 1517Т +6,8%

Шұжық өнімдері 1739Т +4,5%

Тауық еті 625Т +9,4%

Балық 1281Т +8,8%

Сүт 204Т +4,2%

Қаймақ 933Т +10,3%

Ірімшік 2094Т +8,5%

Сары май 1833Т +15,1%

Сүзбе 1402Т +7,2%

Ұн 151Т +6%

Қарақұмық 398Т +0,8%

Жарма 213Т +6,5%

Тағы да оқыңыз:

Атышулы Үсенов демалыстан елге оралған бойда әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін

Қазақстанға Ресейден жаңа атмосфералық ауа ағыны келе жатыр

Мәмбетовтың ақиқаты, Жаманқұловтың “шындығы”: Тұңғышбай Желтоқсан оқиғасында мені тастап қашып кетті

Талқылау