Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде ескі көліктерге салық төлеуді міндеттейтін қаулы күшіне енді

Шетелдік көлік мінгендер тығырыққа тірелді. Пайдалану мерзіміне қатысты шыққан жаңа қаулыға сай, ертеңнен бастап сыртан әкелінетін көліктер үшін салық еселеп көбеймек. Сарапшылардың айтуынша, енді темір тұлпардың бағасы қымбаттайды.

ukraincam-budut-platit-za-starye-mashiny-2014-01-16-09-47-00_1

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Шекара асып шетелден жеңіл, жүк көліктерін сатып әкелгендердің салығы 300 мың теңгеден басталып 2 миллионға дейін барады. Ал темір тұлпар Қазақстаннан алынса, утилизацияға ақшаны жүргізуші емес, отандық зауыт төлеуі тиіс. Дау тудырған жаңа қаулыны Энергетика министрлігі экологияны ойлаған соң барып отыр екен. Себебі елде 2 жарым миллионнан астам ескі көлік тіркелген. Бір қызығы, Қазақстанда утилизация жасайтын бірде-бір зауыт жоқ. Тек кейбір облыстарда көне көліктерді бөлшектейді. Онда да доңғалақ пен аккумуляторды ауыстырумен шектеліп жүр. Енді шенеуніктер утилизациямен ортақ оператор айналысады дейді.

“Ақша аударылады. Және осы оператор қаражатты кәдеге жарату мәселесіне ғана жұмсайды. Оларды жинау тасымалдау, бөлшектеу, автокөлік құралдары болатын болса”, – дейді ҚР Энергетика министрлігінің басқарма жетекшісі Гүлшира Әтемова.

Талқылау