Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде АҚШ долларын 388 теңгеге қалай сатып алуға болады?

Елімізде доллар бағамы құбылып тұрғанына біраз уақыт өтті. Шетел валютасының бірде 423 теңгеге түсіп, қайтадан 426 теңгеге көтерілуі қазақстандықтарды әбігерге салғаны рас. Десек те, қазірдің өзінде АҚШ долларын 388 теңгеге сатып алуға болады екен. Мұндай мүмкіндікті клиенттерге ForteBank сыйлайды. 

ForteBank-тің ұтыс ойынында қазақстандықтарға шетел валютасын төмен бағамда сатып алуға болатын алты сертификат сыйға тартылмақ. Бұл сертификаттар арқылы жеңімпаздар 10 000, 5 000 және 2 000 АҚШ долларын 388 теңге бағамы бойынша сатып алу мүмкіндігін иеленеді. 

Ұтысқа қалай қатысуға болады? 

Ұтыс ойынына қатысу үшін клиенттің ForteBank-тің бірегей өнімі ForteForex арқылы кез келген шетел валютасын қандай да бір сомада сатуы немесе сатып алуы қажет. Қаржы операциясы жүргізілгеннен кейін қосымшадағы статуста “Орындалды” немесе “Жартылай орындалды” деген белгілер шығып тұруы тиіс. 

Айта кететін жайт, қазіргі таңда Қосымша арқылы теңгені еуроға, британ фунт стерлингіне, ресейлік рубльге және АҚШ долларына айырбастауға болады. 

Ұтыс қалай өтеді? 

Ұтыс әрбір екі апта сайын ForteForex арқылы валюта айырбастаған қатысушылардың арасында ойнатылады. Жеңімпаздарға 2000, 5000 және 10 000 АҚШ долларын тиімді 388 теңге бағамында сатып алуға мүмкіндік беретін үш сертификат табыс етіледі. 

Науқан 2021 жылғы 9 тамыздан бастап 3 қыркүйек аралығында өткізіледі. Айта кетерлік жайт, ұтыс ойыны екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең  тамыз айының 9-ынан бастап 20-сы аралығында, ал екінші кезең 23 тамыздан бастап 3 қыркүйек аралығында өтеді. Науқанның екі кезеңіне де қатысу үшін, көрсетілген уақытта екі бөлек қаржы операциясын орындау қажет. 

Жеңімпаздарды кездейсоқ сандар генераторы арқылы таңдалады. 

Эльмира

ForteForex жобасының менеджері Эльмира Яркаева

“Біз ForteForex-те клиенттерімізге валюта бағамын өз бетімен таңдау мүмкіндігін беріп отырмыз. Қазіргі таңда клиенттердің көп бөлігі қосымшаның артықшылықтары мен тиімділігін бағалап үлгерді”, –дейді ForteForex жобасының менеджері Эльмира Яркаева.

Ұтысқа кімдер қатыса алмайды:

  • Банк қызметкерлері; 
  • Банкпен ерекше  байланысы бар тұлғалар;
  • Ұтыстың бірінші кезеңінің жеңімпаздары.

Ұтысты қалай алуға болады? 

Жеңімпаздардың қолындағы сертификатта көрсетілген ақшаның теңгеге шаққандағы сомасы болуы керек. Сертификатты алу үшін жеңімпаз клиент Банктің бөлімшесіне келуі тиіс. Толық ақпарат жүлдеге ие болған азаматтың өзіне телефон арқылы түсіндіріледі. 

Ұтыс ойынының шарттары жайлы толығырақ мына сілтеме бойынша оқи аласыздар. 

ForteForex туралы 

ForteForex – делдалсыз ақша айырбастауға мүмкіндік сыйлайтын ForteBank-тің бірегей өнімі. Яғни мұнда әрбір қолданушы шетел валютасын сатып алу немесе сату үшін өзіне қолайлы қаржы бағамын таңдай алады. Бұдан бөлек, қаржы операциясын орындау үшін қалада тиімді бағам көрсетілген ақша айырбастау пунктін іздеп, олардың арасындағы айырмашылықты салыстырып, бас қатырудың қажеті жоқ. Ең ыңғайлысы, Қосымшада қызмет үшін комиссия ұсталмайды.

 

Талқылау