Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде дәрі-дәрмек бағасы Ресеймен салыстырғанда екі есе қымбат

Дәрі-дәрмек құны шенеуніктерді де шошындырып отыр. Ресейдегі бағаны арнайы барып көріп, оны Ақтөбедегі дәріханалармен салыстырған Бердібек Сапарбаев бүгін Мәжілісте қатқыл мәлімдеме жасады. Алдымен, пайдакүнем делдалдардың жазасын беру керек дейді Ақтөбе облысының әкімі. Қымбатшылық Денсаулық сақтау министрін де көптен бері қынжылтып жүр екен. Еліміздің бас дәрігері енді бағаны төмендетудің бір жолын таптық деп отыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

db3c14036df7830c379b33065e9b600c_crop_l_4_t_0_w_1190_h_669_resize_w_1140_h_696

Дәріхана бизнесімен айналысатындар басы ауырып, балтыры сыздаған адам амалсыз айтқан бағаға көнетінін білгендіктен бағаны кез-келген уақытта көтереді. Елімізде соңғы кезде қымбатшылыққа наразы жұрттың қарасы тым көбейіп кеткен соң, депуттар бүгін министрлер мен әкімдерді шұғыл жинады. Әсіресе, аймақтағы жағдайды жақсы білетін әкімдердің базынасы қордаланып қалыпты. Ақтөбе облысының басшысы Бердібек Сапарбаев өзі басқаратын өңірдегі препараттардың бағасын көрші Ресеймен салыстырды.

«Орынбор облысында диабеттерге арналған дәрі 8500 теңге, ал бізде ол 17 мыңнан сатылуда, екі есеге қымбат. Өйткені, бізде делдал көп. Бәрі үстінен пайда көргісі келеді», – дейді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Сондықтан, Сапарбаев дәріні өндірістен бастап тұтынушыға жеткенше қатаң бақылауға алауды ұсынды. Ал дәріхана иелеріне жергілікті әкімдердің сөзі жүрмейді екен. Бұл аздай, дәрі-дәрмекті сарапатамадан өткізу де шарықтап кеткен. Мәселен, тұмауға қарсы препаратты тексеру құны былтыр 6 мың болса, биыл 70 мың. Бұл да дәрінің бағасына әсер еткен. Ал қымбатшылыққа бас қатырап жатқан дәрігерлер жоқ. Алдына ем іздеп келгендерге ол ең қымбат препаратты алуға мәжбүрлейді екен.

«Расында да бұл үлкен мәселе болып кетті. Кейбір әріптестеріміз жеке меншік дәріханалардағы мамандар соның бағаларды көбейтпей, бірақ, қымбат дәрілерді бірінші ұсынады. Әрине, көп жағдайларда біздің азамттардың мүмкіндігіне сай болмайды. Соны біз шешеміз деп сенеміз», – дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Ал депутаттар бағадан бөлек, отандық дәрі-дәрмектің сапасына да күмән келтіріп отыр. Денсаулық сақтау министрі қымбатшылықты мойындағанымен,  препараттар нашар дегенге мүлдем келіспеді.

«Қазақстандық дәрілер сапасыз деген пікірмен келіспеймін. Жұрт ойлайды, шетелдік препараттар күшті деп. Негізі қазақстандық пен еуропалық кәсіпорындар дәріні бір шикізаттан жасайды. Бәріміз Қытай мен Үндістаннан аламыз», – дейді Елжан Біртанов.

Қытай, Үндістан демекші, дәл осы елдерден контрабандалық жолмен жеткен қауіпті дәрі-дәрмек саудасы да тыйылмай тұр. Ал Денсаулық сақтау министрлігі келесі жылдан бастап елімізде дәрі-дәрмектің шекті бағасын белгілеп, дәріханаларды бақылауға аламыз деп отыр. Және шетелдік импортты азайтып, есесіне отандық өндірісті  қолдау арқылы препараттрдың құнын кем дегенде 10 пайызға арзандатпақ. Ол үшін заңға өзгеріс енгізіледі екен.

Жіберіп алмаңыз:

Астанада жасөспірім кеміргіштерден қауіпті инфекция жұқтырған

Суши адам өміріне қауіпті болып шықты

Қазақстанда баланы сүндетке отырғызуға тыйым салу ұсынылды

Дәрігер: Жастар үйленбестен бұрын жыныстық қатынасқа түсіп аурудың жаңа түрлерін жұқтыруда

Талқылау