Елімізде бюджеттің миллиардтары бөлінген ондаған зауыт тұралап тұр

Сейсенбі, 22 Тамыз , 2017 22:00

Мемлекеттік индустрияландыру бағдарламасы бойынша тұрғызылған, жарнамасы жер жарған кәсіпорындар сол күйі ашылмады. Бұл туралы КТК хабарлайды.

x53419d20160208154922

“Бүгінгі таңда тұралап тұрған 15 нысан бар. Төртеуі Қостанайда, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарында екеуден, Атырау, Батыс және Солтүстік Қазақстанда бір-бірден. Аталған өңір басшылары бұл істі дереу қолға алулары тиіс”, – деді ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев.

Жалпы алдағы бес жыл ішінде индустрияландыру бағдарламасына 878 миллиард теңге бөлінбек. Былтыр желтоқсанында 23 су жаңа нысанның құрылысына бюджеттің 180 млрды жұмсалған.

Қағаз жүзінде ғана кәсіпорын ашатын әкімдермен әңгіме енді басқаша болады. Премьер-министр желтоқсанның біріне дейін тұралап тұрған 15 зауытты түгел іске қосуға пәрмен берді.

Қолда бары жөнді істемей тұрғанда биыл Үкімет индустрияландыру бағдарламасына өткен жылдан екі есе көп ақша, 360 млрд теңге бөліп қойыпты.

Оқи отырыңыз:

Елімізде жаңадан кәсіп ашқысы келетіндерге несие беріледі

Ұлттық банк теңге курсының неліктен құлдырап жатқанын түсіндірді

Қазақстандықтар енді селфидің көмегімен несие рәсімдей алады

Халық банкі Қазкоммерцбанкті сатып алды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар