Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде бірнеше облыс әкімдері ауысты

Солтүстік Қазақстан облысы, Маңғыстау, Ақмола облысының әкімдері тағайындалды.

20170314162024

Мемлекет басшысы Мәлік Мырзалинді Ақмола облысының әкімі қызметіне тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Твиттерде хабарлады.

Мәлік Мырзалин 1971 жылғы 31 қазанда Ақтөбе қаласында туған.  1996 жылы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу Мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген.  2006 жылы Йель университетінің менеджмент мектебінде (АҚШ) біліктілігін арттырудан өткен.  Саяси ғылымдарының кандидаты (2010 ж.), ағылшын және урду тілдерін меңгерген.

9610258

Сейсенбі күні Петропавл қаласында облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Отырыс барысында  Президент әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков СҚО әкімі лауазымына Құмар Ақсақаловтың кандидатурасын ұсынған Мемлекет басшысының хатын оқып берді. Депутаттар президенттің ұсынысына бірауыздан қолдау танытты.

Жақсыбеков облыс активіне жаңа әкімді таныстыра отыра, соңғы жылдардағы ірі экономикалық жетістіктерді атап өтіп, Ерік Сұлтановқа алғыс айтты. Өз кезегінде Сұлтанов мемлекет басшысына сенімі үшін рахмет айтып, облыс жұртшылығына бірлескен жемісті жұмыс үшін алғысын жеткізді. Ал жаңа тағайындалған әкім Ақсақалов елбасы қойып отырған маңызды міндеттерді орындауға күш салатынына сендірді.

Ақсақалов СҚО әкімі болып тағайындалғанға дейін ҚР президенті әкімшілігі жетекшісінің орынбасары қызметін атқарды.  Ол әр жылдары Қостанай облысында аудан әкімі, ҚР Президенті әкімшілігінде мемлекеттік инспектор, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, “Нұр Отан” партиясы орталық аппаратының жетекшісі, партия хатшысы болып еңбек етті.

Бүгін премьер-министр Бақытжан Сағынтаев пен ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Марат Тәжин Ақтауға жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында олар облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына қатысты, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

1768570

Отырыс барысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев мемлекет басшысының мәслихат депутаттарына арналған хатын оқып берді. Президент облыс әкімі лауазымына Ералы Лұқпанұлы Тоғжановтың кандидатурасын ұсынып отыр.  Депутаттар ұсынысты қолдады.  Ералы Тоғжанов жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі қызметін атқарды.

Бұған дейін Қарағанды облысының әкімі тағайндалғанын хабарлаған едік.

Талқылау