Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде бет-аузын тұмшалап тұратын киімдерді киюге тыйым салынуы мүмкін

Елімізде бет-аузын тұмшалап тұратын киімдерді киюге министрлік заңмен тыйым салуы мүмкін. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі заң жобасына бірқатар өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр.

2054287-620x336

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Шенеуніктер әзірге нақты қандай киімдерге тыйым салынатыны туралы айтпады. Бірақ, әзірленіп жатқан заң жобасы бойынша қоғамдық орындарда адамның бет-бейнесін тұмшалайтын киімдер киюге тыйым салу қарастырылған. Және түрлі идеологиялық ағымдардың киімдерін киюге шектеу қою көзделген.

Көктемдегі президент сынынан кейін дінге жауапты министрлік мұсылмандардың ортақ киім үлгісі болады деп отыр. Осылайша, қара жамылғы дауына нүкте қойылатын күн алыс емес дейді жауаптылар.

Сондай-ақ заң жобасында шетелде діни білім алу мен дін жоралғылары бойынша неке қидыруға қатысты нормалар қабылданбақ.

Оқи отырыңыз:

Астана әуежайында құны жарты миллиард теңгеден астам бір қап алтын тәркіленді

Тоқтар Әубәкіровтың туған жеріне апарған сыйын полиция өткізбей қойды

Ақтау көшесінде қарумен жүріп жұртты шошытқан жігіт 7 жылға сотталуы мүмкін

Шымкентте перзентхана қызметкерлері шетінеген шақалақтың ата-анасына басқа баланың мүрдесін беріп жіберген

Талқылау