Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде бес сағат бойы жүрек қағысы тоқтаған әйелге ота жасалды

Елімізде бес сағат бойы жүрек қағысы тоқтаған әйелге ота жасалды. Жаңа босанған ана жүрекке қан жолы тетігін өткізудің арқасында аман қалды.

Операция

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Қазір науқастың жағдайы жақсы, – дейді дәрігерлер. Мейрамгүл Салқымбаева өлім аузынан аман қалған ананың қалін біліп қайтқан еді.

Өлім аузынан аман қалған Ольга Пузырева екі баланың анасы. Осыдан екі ай бұрын аман-есен босаныпты. Алайда артынша, әйел өзін нашар сезіне бастағанын айтады. Ал араға он екі күн салып Ольганың жүрегі қысылып, буындары тартылып, есінен танып қалған. Анасының қиналып жатқанын көрген 13 жастағы баласы көмекке көршілері мен жедел жәрдем қызметін шақырған.

Екі тәулік жансақтау бөлімінде ауыр халде жатқан әйелге «аорта қуысының тарылуы» деген диагноз қойылды. Қарапайым тілмен айтқанда,  жүректің бір қалыпты соғуы бұзылады. Тамыздың бесі күні жасалған күрделі ота бес сағатқа созылыпты. Қорқыныштысы, осы уақыттан бері науқастың жүрек қағысы тоқтап, Ольга Пузырева клиникалық өлім аузында жатқан. Тіпті ота жасалар алдында бұл туралы ет жақын туыстарына да хабарланып айтылған екен.

“Туыстарымнан қолхат алынды. Өйткені мұндай оталардың 90 пайызы сәтсіз аяқталады деген ақпарат бар. Оны дәрігерлер де растады. Бірақ операцияның жақсы аяқталғаны бәрімізді қуантады”, – дейді Қарағанды қаласының тұрғыны Ольга Пузырева.

Бес сағаттан астам уақыт өмірі қыл үстінде тұрған әйелдің жүрегіне дәрігер қан жолы тетігін өткізген. Аса қиын операцияны жасату үшін астаналық дәрігер арнайы шақыртылған.

“Орта қуысының тарылуы диагнозымен ота жасау өте қиын. Бұл ауыр диагноз болып саналады. Бұл медицина саласында алғаш рет болып отыр. Өйткені қан жолы тетігін өткізу барысында-ақ адамдар өмірмен қош айтысуы әбден мүмкін”, – дейді Қарағанды облыстық Кардиохирургиялық орталықтың штаттан тыс бас кардиолог дәрігері Назира Базарова.

Ал осыдан үш апта бұрын сөйлеуге шамасы болмаған Ольга Пузырева қазір емін-еркін қозғалып жүр. Күніне төрт тәулік дәрі қабылдайды. Дәрігерлер әйелге ауыр заттар түгіл, өзінің бір жарым айлық сәбиін де көтеруге тыйым салған. Өкініштісі, баласын да емізе алмайды екен. Бірақ бес сағат өмір үшін арпалысқан жас ана бұған да көндім деп отыр.

Талқылау