Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде бензин бағасы тағы да көтерілді

Жүргізушілер жиі тұтынатын АИ-92-нің литрінің құны 2-3 теңгеге өскен, – деп хабарлайды КТК арнасы.

40ebf7f91add0bc5f9307c7826f242a4

Мұндай қымбатшылық еліміздегі барлық қалада байқалып отыр. Тіпті, кейбір жанармай бекеттеріндегі жанармай құны 4 теңгеге дейін өсіпті. Ал бұған дейін ең өтімді АИ-92 бензин маркасының литрі 125-128 теңгеден сатылып келген болатын. Дегенмен, бүгінгі өзгеріс жүргізушілерді таң қалдырған жоқ.

Екі күннің бірінде өсетін бағаға олар үйренген де сыңайлы. Сондықтан таблодағы бағалары өзгерген бекеттерде де ешқандай дүрбелең байқалмайды. Айта кетсек, қазір Үкімет бензин құнын реттемейді. Жанармайдың бағасы былтыр еркін айналымға жіберілген болатын.


Жіберіп алмаңыз:

Некедегі азамат жасырын үйленіп, отбасынан 23 жыл қашып жүрген (фото)

Анасы ұрып-соққан қыз сот үкімі шыққанға дейін әкесімен қалатын болды

Қарағандылықтар автобуста арақ ішіп тұрған әйелдерді видеоға түсіріп алды (видео)

Алматыда ұрлықшы әйел телефонды балалар арбасынан суырып алды (видео)

Талқылау