Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде балалар үйі жабылып жатыр

Елімізде балалар үйі азайып жатыр. Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері жетімдерге арналған интернаттардың Шығыс Қазақстанда үшеуі, Қарағанды облысында біреуі жабылыпты, – деп хабарлайды КТК арнасы.

ллл
Шенеуніктердің айтуынша, соңғы кезде жетім балаларды бауырына басуға ниетті жанұялардың қатары артқан. Нәтижесінде бүлдіршіндер үйі босап қалып жатыр екен. Ерлі-зайыптылар асырап алудан бөлек, баланы патронаттық тәрбиеге де ала алады. Тіпті отбасы мүшелеріне жетімдер үйіндегі ұл-қызды демалыс немесе мереке күндері үйге алып кетуге де рұқсат етілген болатын.  Жаңа жүйе көп күттірмей, оң нәтижесін беріп жатқан көрінеді. Сондай-ақ, елімізде қараусыз қалған балалар туралы толық мәлімет жазылған сайт ашылған. Ондағы ақпаратпен  кез-келген азаматтың танысуына болады. Жалпы, биыл қаңтардан бері 800-ден астам сәби интернатқа берілген. Ал 1800 адам жетімдерді асырап алуға өтініш жазыпты.

Жіберіп алмаңыз: 

Балаларын баға алмай отырған жас келіншек оларды жетімдер үйіне тапсырмақ

Анасы жетімдер үйіндегі балаларымен 8 жыл өткен соң табысты (фото)

Жетімдер үйінде өскен қарапайым бала чемпион атанды

Шымкент тұрғыны не үшін тойын жетімдер үйінде атап өткенін түсіндірді

Талқылау