Елімізде балалар үйі жабылып жатыр
Елімізде балалар үйі азайып жатыр. Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері жетімдерге арналған интернаттардың Шығыс Қазақстанда үшеуі, Қарағанды облысында біреуі жабылыпты, – деп хабарлайды КТК арнасы.
Шенеуніктердің айтуынша, соңғы кезде жетім балаларды бауырына басуға ниетті жанұялардың қатары артқан. Нәтижесінде бүлдіршіндер үйі босап қалып жатыр екен. Ерлі-зайыптылар асырап алудан бөлек, баланы патронаттық тәрбиеге де ала алады. Тіпті отбасы мүшелеріне жетімдер үйіндегі ұл-қызды демалыс немесе мереке күндері үйге алып кетуге де рұқсат етілген болатын. Жаңа жүйе көп күттірмей, оң нәтижесін беріп жатқан көрінеді. Сондай-ақ, елімізде қараусыз қалған балалар туралы толық мәлімет жазылған сайт ашылған. Ондағы ақпаратпен кез-келген азаматтың танысуына болады. Жалпы, биыл қаңтардан бері 800-ден астам сәби интернатқа берілген. Ал 1800 адам жетімдерді асырап алуға өтініш жазыпты.
Жіберіп алмаңыз:
Балаларын баға алмай отырған жас келіншек оларды жетімдер үйіне тапсырмақ
Анасы жетімдер үйіндегі балаларымен 8 жыл өткен соң табысты (фото)
Жетімдер үйінде өскен қарапайым бала чемпион атанды
Шымкент тұрғыны не үшін тойын жетімдер үйінде атап өткенін түсіндірді