Астана үйлерінде 15 шаршы метрге 1 ғана адам тіркелетін болды

Дүйсенбі, 20 Маусым , 2016 13:23

Астана үйлерінде 15 шаршы метрге 1 адамның ғана ресми тіркелуіне рұқсат етілмек. Бас шаһардың миграциялық ісіне жауаптылар тіркеу заңнамасына осындай өзгерту енгізгелі отыр.

18726-6-v_astane_predlagayut_r_ru

Сурет: liter.kz 

Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.

Бұл жайлы Астана қалалық көші-қон полициясы басқармасы басшысының орынбасары Еркін Шомбинов жеткізді. Әзірге заңнама қалалық маслихат талқысына өткізіліпті.

Еске салсақ, апта басында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов тіркеуге тұру ісінің тым бейберекет кеткенін және елде «резеңке пәтердердің» қаптағанын айтқан еді. Тіпті бас полицей дерегінше, бір үйге 200-300 адамнан тіркелгендер де болыпты. Сондықтан енді пәтеріне көп адам тіркегендерге де жаза қатайтылуы мүмкін. Бүгінде Астанада ресми 857 480 адам тіркеуде тұр. Қазір 15 шаршы метрге 1 адамды тіркеу талабы Алматыда ғана бар.

“Бір адам басына мөлшері 15 шаршы метр. Құқығы бар тұруға. Біз әкімшілікке ұсыныс бердік, қазір ол қарауда. Шешімі шығуы керек жақын арады. Ең көбі бір пәтерде 140 адам тіркелген болатын”, – дейді Астана қалалық ІІД көші-қон полициясы басқармасы басшысының орынбасары Еркін Шомбинов.

Жіберіп алмаңыз:

Қырғызстанда қазақстандықтардың тіркеусіз жүру мерзімін қысқартпақ

Павлодарлық шенеунік мүлкін тіркеу мақсатында жалған құжат пайдаланған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар