Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде әйеліне қол көтерген азаматтарға 30 күн бойы жұбайына жақындауға, сөйлесуге болмайды

Әйеліне қол көтеріп немесе отбасында бұзақылық жасаған адамға заңда «қорғау нұсқамасы» деген әрекет қолданылады. Мұндайда ер адам әйеліне отыз күн бойына жақындауға, сөйлеуге, тіпті керек десеңіз денесіне қол тигізуге болмайды. Талап сондай.

Ал бұл тыйым нақты өмірде қаншалықты жүзеге асып жатыр? Ал заң сақталмағанда қандай шара қолданылады, деп хабарлайды 31 арна.

Төрт бірдей қыздың анасы 32 жастағы Гүлзахира күйеуінен зорлық көре берген соң, үйінен безіп кетуге мәжбүр болыпты. Қазір Сайрам ауданы орталығы Ақсукентте шиеттей бала-шағасымен пәтер жалдап тұрып жатыр. Жеті жыл отасып, ішкілікке салынған ерім мені сабағаны аздай, кішкентай балаларыма да қол көтеруді шығарды, –  дейді.

“Кейде бала-шағаға да тиіп кетеді. Өзімді ұрғаны ештеңе емес, бала-шағаға тиіп жатқан соң, шыдай алмадым да, шынын айтқанда”, – дейді зорлық көрген ана Гүлзахира.

Биыл Шымкент пен 14 ауданда әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу орталықтары ашылған. Күйеуінен зәбір көрген Гүлзахира да, алғаш сол жерді паналапты. Ал тұрмыстық-зомбылық профилактикасы туралы заңда полиция күйеуіне жазбаша қолхат алып, шектеу қойғанымен, бір үйдің ішінде жүргендіктен, қолхатты  сақтамайтындар көбейген.

“Сақтауға міндетті. Бірақ өкінішке орай, бүгінгі күні сол көп бұзылып жатады. Бір бөлмелді пәтер, екі бөлмелі пәтер болуы мүмкін. Оның ішінде жүріп, өздері агрессия ушығып жатқан жағдайда, мүмкін емес. Кейде сорақы жағдайларға да алып келуі мүмкін”, – дейді ҚР Бас прокурорының көмекшісі Салтанат Пархатқызы.

Жуырда ішкі істер министрі 2014 жылы «денсаулыққа жеңіл залал келтіру» және «сабау» баптары бойынша 6 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын, ал өткен жылы соттар осы «қылмыстық баптар» бойынша 718 айыптау үкімін оқығанын айтқан болатын. Прокурорлар да мас күйдегі отағасын қазіргі заңдылықтағы 3 сағат емес, 24-ке көтеруді ұсыныпты. Өйткені, үш сағатта мастықтан есін жимаған адам отбасына барып, әрекетін жиі жалғастыратын көрінеді.

Тағы да оқыңыз:

ҰҚК: Соғыс жүріп жатқан Сирия мен Иракта 390 қазақстандық бала бар

ОҚО-да мектеп директоры қарызының орнына деп ауылдастарына білім ордасының мүлкін таратқан

Министр Сағынтаевтан бюджет қаржысын игермеген лауазымды тұлғаларды жауапқа тартуды сұрады

Талқылау