Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде алимент төлемей қашқан әкелердің берешегі 7 миллиардқа жетті

Сот орындаушылары қыруар қаржыны қалай өндірерін білмей дал. Осы кезде 300 мыңнан астам іс олардың кабинетінде шаң басып жатыр, – деп хабарлайды КТК арнасы.

0эъ

Өйткені, жауапсыз әкелердің көбі денсаулығым сыр берді, жұмыс таппадым деген сан сылтау айтады екен. Әрі пәтер, көлік пен дүние-мүлкін туыстарының атына жазып қойған. Бір сөзбен айтқанда, заң жүзінде дымы жоқ. Сондықтан сот орындаушылары олардан соқыр тиын да өндіре алмай діңкелеп жүр. Осы мәселе талқыланған Мәжілісте бүгін мемлекеттік алимент  қорын құру мәселесі қайта сөз болды. Яғни, ұл-қызына бір тиын да татырмайтын азамат үшін ақшаны Үкімет беріп, кейін шығын жауапсыз әкелерден өндірілмек. Бірақ оның қайтарымы болатынына күдік бар. Әрі оған бюджеттің миллиондары қажет. Әзірге баласына алимент төлеуді парыз емес, қарыз деп түсінетіндермен күрес күшейтілмекші.

“Алименттен жалтарған әкелер көп. Арасында қымбат көлік мініп, шетелге демалуға баратындар бар. Міне осындай ерлерді әкімшілік тіпті қылмыстық жауапқа дейін тартуымыз керек”, – дейді Жоғарғы соттың судьясы Маргарита Одинцова.


Жіберіп алмаңыз:

Петропавлда үлескерлердің үйі Ресей президентінің кесірінен салынбайтын болған

Алматыда мүгедекті автобустан теуіп шығарған кондуктор әйелге іздеу жарияланды

Қарағандылық жігіт “Шахтер” футболшысының әмиянын ұрлап кетті

Перуашевтің асхана мен дәретханасы ортақ жатақхана салу туралы ұсынысын Үкімет құптамай қойды

Талқылау