Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде алдағы тәуліктерде күн қайта жылынады

Қарашаның соңына дейін Қазақстанда ауа райы жауын-шашынсыз, жылы болады.

«Қазақстанға Месопотамия аудандарынан келген ауа массасы, республикада тіпті қараша айының соңына дейін аномальды жоғары температураны сақтайды. Демалыс күндері ауа температурасы  4 … 9 градусқа нормадан жоғары болды, тек оңтүстік аймақта ғана ауа температурасы нормадан 1 … 2 градус төмен болды», деп хабарлайды«Қазгидромет» РМК.

Алдағы үш тәулікте, антициклонның әсерінен, республиканың көптеген өңірлерінде жауын-шашынсыз болып, ауа температурасы 4 … 10 градусқа дейін климаттық нормадан жоғары боп сақталады. Тек батыс және солтүстік-батыс облыстарда кей жерлерде жауын-шашын – жаңбыр және дымқыл қар күтілуде.

Тағы да оқыңыз:

Мәжілістің вице-спикері: Қазіргі БАҚ-тан кімнің кімге күйеуге шыққанын оқудан шаршайсың

Үшінші тарап өкілдері қазақстандықтардың жеке мәліметтерін ала алады

ХҚКО-дан мәліметтер ұрланғаны туралы 60-қа жуық шағым түскен

Талқылау