Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алдағы күндері кей аймақтарда қар аралас жаңбыр күтілуде

Қазақстан аумағындағы аномальді жылылық біраз уақытқа дейін созылды. Алайда еліміздің бірқатар аумақтарында күн суытып кетуі мүмкін. Бұл туралы “Қазгидромет” орталығы хабарлады.

1431489950_13pogoda1

Сурет kyzylorda-news.kz

Алдағы үш күнде Батыс Сібірдегі шығыс аумақтарында биіктегі циклонның әсерінен Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жауады. Түнде жаңбырдың арты қарға айналуы мүмкін.

Түнгі температура 5º суықтан 2º жылыға дейін төмендесе, күндіз 9-15º жылы болады. Найзағайлы өткінші жаңбыр өзге аймақтарда да жауғанымен, ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.

Талқылау