Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

30 жастағы азамат несиесіне бола бүйрегін сатпақ

Елімізде ақша үшін дене мүшесін сатуға дайын адамдар көбейіп барады. Сатылымға шығарылған мүшелердің ішінде бүйрек, бауыр мен жүрек көп. Тіпті, ғаламтор беттерінде өз ағзасын бөлшек саудаға айналдырғандар, мүшелерінің бағаларына дейін жазып қойған. Заңға қарсы шыққандардың  көбі бұндай қадамға жоқшылықтан барып отырғандарын айтады.

radi-iphone-6s-kitaec-reshilsya-prodat-pochki-8568

 

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Он екі мүшесі сау Сергей өзінің бір жақ бүйрегін 30 мың АҚШ долларына бағалап отыр. Пышаққа түсіп, ағзасының бір мүшесін алып беруге апталдай азаматты мұқтаждық итермелепті. Несиелерін жабу үшін қарызға белшесінен батқан 30 жастағы Сергей “өзегімді сатпасқа өзге амалым жоқ”, – дейді.

“Осындай қадамға барғаным заңсыз екенін білем. Бірақ маған ақша қазір аса қажет. Екі бүйрегім де сау. Өмірімде темекі тартып көрген емеспін”, – дейді Қарағанды қаласының тұрғыны Сергей Орлов.

Бүйрек, бауыр, жүрек сатамын! Ғаламторда осындай жарнамалардың саны екі мыңнан асады. Ағза мүшелерін сататындардың жасы әртүрлі. Басым бөлігі жас жігіттер мен қыздар. Бүйрекке сұраған құны 30 мыңнан 100 мың долларға дейін барады. Ал дәрігерлер, Қарағандыда, әсіресе, бүйрек мүшесінің үлкен сұранысқа ие екенін айтады. Өйткені қазір мәйіттік донорлардың ағзасы тапшы. Сондықтан көп жағдайда бүйрек, бауыр трансплантациясына науқастардың туыстары донор болады екен.

“Біздің гемодиализ орталығына қоңырау шалып, өз дене мүшелерін ұсынғандар көп. Бірақ оның заңсыз екенін біліп, біз ұсыныстардан бас тартамыз. Донор ретінде мерт болғандарды қарастырамыз, – дейді Гемодиализ бөлімшесінің меңгерушісі Салтанат Сариева.

Ағзаларын мүшелеп сату дінге де қайшы. Имамдардың сөзінше, дене мүшелерін тек өлім аузында жатқан адамдарға беруге рұқсат. Оның өзінде тегін болуы тиіс. “Өліп бара жатқан адам және де донор болатын адамның анық қайтыс болғаны белгілі болғаннан кейін осындай әрекетке ислам діні жол береді”, – дейді Наиб имам Серік Құрманов.

Қазір Қарағанды облысы бойынша бүйрек ауыстыру кезегінде 300 адам тұр. Олардың көбі қан айналымын гемодиализ орталығында жасанды аппарат арқылы күшейтеді. Ал дене мүшелерін жасырын сататын жандар заңмен жазаланады екен. Оларды 7-ден 10 жылға дейін  бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.


Жіберіп алмаңыз:

Ауғанстандық жүкті әйелін өлімші етіп сабап, жыныс мүшесін кесіп алған

Таразда қайтыс болған фаст-фуд қызметкері атақты КВН мүшесінің туысы болып шықты

Ресейлік ер адам досының жыныс мүшесін балтамен шауып ауруханаға түсірді

Әлемдегі жаратылысы адам айтса сенгісіз 10 ер адам (фото)

Талқылау